Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әскери кафедрасының студенттері Үндістан Республикасының Ұлттық Кадет корпусына барды

14.02.2020

Көрулер: 2897

2020 жылдың 15-30 қаңтар аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әскери кафедрасының студенттері, оқу озаттары Жайылқанова Аружан мен Тоекин Елшат әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Үндістан Республикасының Ұлттық Кадет корпусы арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға сәйкес Қазақстан мен Үндістан арасындағы жастар ынтымақтастығы бағдарламасына және Дели қаласындағы Үндістан Ұлттық Кадет Корпусының әскери-спорттық лагері базасында ұйымдастырылған Үндістан Республикасы күніне арналған іс-шараларға қатысты.

Екі апталық сапар барысында қазақстандық студенттер ең жоғары деңгейде қабылданып, Үндістан Президентімен, Премьер-Министрмен, Қорғаныс министрімен, ВМФ қолбасшысымен, Үндістанның Ұлттық Кадет Корпусының директорымен және басқа да жоғары лауазымды тұлғалармен кездесулері ұйымдастырылды.

Іс-шаралар жоспары бойынша біздің студенттеріміз Үндістанның тәуелсіздік күніне арналған әскери шеруге қатысып, есепті концертте Қазақстанның атынан таныстыру және қазақ халық биін ұсынды. Үндістан қалаларына, сол елдің әлемге әйгілі тарихи көрікті жерлеріне сапар, кең ауқымды мәдени-демалыс бағдарламасы ұйымдастырылды.

Ұлттық Кадет Корпусының кадеттерімен және әлемнің басқа елдерінің жастар делегацияларымен кездесулер Қазақстан мен оның Қарулы Күштерінің халықаралық имиджі мен беделін одан әрі арттыруға қызмет етті.