"Біздің Президент!" студентік лекторий

30.11.2018

Көрулер: 3921

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент Күні - Мемлекеттік мейрам алдында, 2018 жылдың 30 қарашасында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті әскери кафедрасының студенттері университет мұражайымен бірігіп  "Біздің Президент!" атты студентік лекторий өткізді.

Іс шара қатысушыларға Еліміздің Тұңғыш Президенті Елбасы Н.А. Назарбаевтың өмір жолы туралы  жарық презентациясы көрсетілді, студент А.Сагатмамын және Э.Жумагалиев патриоттық  шығармашылықтарын көрсетті.

Лектории барысында Отан туралы шығармашылық байқау өткізіп, студенттер М.Ниязбек, М. Сагымбеков және  М.Пайыз жүлдені ұтып алды.

Қысқа да нұсқа экскурсияны «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті» көрмесінің жаңа экспозицияларымен Мұражайдың бас маманы Ардак Джабыкпаева таныстырды.

Студенттік лекторийді өткізуіне әскери кафедра студенттері  мен университет мұражайының қызметкерлеріне әскери кафедра оқытушылары, университеттің Тәрбие  жұмысы жөніндегі департаменті және Жағдайаттық басқару  орталығы  белсенді ат салысып көмектесті.

Лекторий "Атамекен" әнін барлық қатысушылардың орындауымен аяқталды.