Болашақ әскери заңгерлерге арналған саяхат

11.02.2018

Көрулер: 3585

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультеті мемлекетіміздің заңгерлер корпусын дайындауда және тәрбиелеуде негізгі күретамыр болып табылады. ҚазҰУ заңгер түлектерінің басым көпшілігі университетіміздің әскери кафедрасында білім алған.

Олардың көпшілігі қазіргі таңда жоғары мемлекеттік лауазымдарды атқарып отыр. Сонымен, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әскери кафедрасында білім алып, «запастағы лейтенант» әскери атағын алған белгілі тұлғалар Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі генерал-полковник Қасымов Қ.Н., Қазақстан Республикасының Бас әскери прокуроры әділет генерал-лейтенанты Мерзадинов Е.С. бүгінгі таңдағы әскери кафедра студенттерінің мақтанышы.

2018-2019 оқу жылында әскери кафедрада білім алуға студенттерді жинақтау қарсаңында және әскери-патриоттық жұмыстар жоспарына сәйкес 2018 жылдың 8 ақпанында заң факультетінің бірінші курс студенттері университеттің әскери кафедрасына саяхат жасады.

Әскери кафедраның тәрбиелеу және әскери-патриоттық жұмыстар орталығында студенттер кафедраның тарихымен, жетістіктерімен және оның түлектерімен танысты.

Саяхат барысында студенттер БМП механик жүргізушілерін және зенит атқыштарын оқытуға арналған тренажерлерда жұмыстарын көрсетті. Интерактивті лазерлік тирде әрбір студентке Калашников автоматынан және ПМ тапаншасынан оқу-жаттығу атуларын орындауға мүмкіндік берілді.

Барлық студенттер әскери кафедраға түсудің және оқудың тәртібі туралы сұрақтарға нақты жауаптар алып, әскери кафедраға түсуге ниеттерін білдірді.