Календарь мероприятий

Участие ППС и магистрантов кафедры в конференции по практической реализации программы «Рухани жаңғыру»

21.11.2020

21 ноября 2020 года кандидат исторических наук, старший преподаватель кафедры истории Казахстана Удербаева Сауле Карибаевна приняла участие в работе Международной онлайн-конференции «Роль и значении музеев в воспитании учащейся молодежи: практическая реализация программы «Рухани жаңғыру», проведенной по инициативе Научно-Исследовательского Центра Истории и Этнографии Казахско-русского международного университета КРМУ г. Актобе, выступив с докладом: «Формирование галереи выдающихся деятелей великой степи». Под руководством С.К. Удербаевой в работе конференции приняли участие магистранты Макашева Даяна (2 курс) «Мероприятия в Казахском Национальном университете имени аль-Фараби по программе «Рухани Жангыру» и Джиеналиева Камшат «Опыт проведения квеста студентами КазНУ им. аль-Фараби в музее Алматы».

Подробнее >>

Казахский национальный университет имени аль-Фараби и общественный фонд «TILEU-QABAQ» 3 декабря 2020 года организуют в онлайн формате республиканскую научно-практическую конференцию: «Место Ер Едиге в истории Золотой Орды», приуроченную к 750-летию образования Золотой Орды.

21.11.2020

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және «TILEU-QABAQ» қоғамдық қоры 2020 жылы 3 желтоқсанда Алтын Орданың құрылуына 750 жыл толуына орай «Ер Едігенің Алтын Орда тарихындағы орны» атты онлайн форматта республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Конференцияда Ер Едігенің тарихи рөлі, сондай-ақ басқа да тұлғалардың қызметі мен Алтын Орда тарихына қосқан үлесі қарастырылып, тақырыпқа қатысты қазіргі кездегі концептуалдық көзқарастар талқыланады.

Конференция жұмысы пәнаралық синтез негізінде Алтын Ордадағы саяси қарым-қатынастар мен ондағы жекелеген тұлғалардың қызметін қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу тарихына қосқан үлесі аспектісінде қарастыруға арналған.Сонымен қатар Еуразия құрлығындағы саяси, мәдени және әлеуметтік тарихты зерттеуге байланысты жүргізілген археологиялық ізденістердің негізінде жасалған тың тұжырымдар мен ғылыми жаңалықтар сарапталады.

 

Конференцияның жұмыс бағыттары:

-         Алтын Орда дәуіріндегі тарихи тұлғалар және Ер Едіге;

-         Заманауи зерттеулердегі Алтын Орда тарихының өзекті мәселелері;

-         Халық ауыз әдебиетіндегі Ер Едігенің тарихи болмысы.

Конференцияның өткізілу тілдері – қазақ және орыс.

Конференцияға отандық жетекші тарихшы, археолог, филолог, шығыстанушы, қоғамтанушы ғалымдар мен мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, сарапшылар, БАҚ өкілдері қатысады.

Конференция материалдарын рәсімдеу талаптары қосымшада беріледі.

 

Конференцияға қосылу Zoom

https://us02web.zoom.us/j/85968892387?pwd=RzhoTEFCZVlIRTVROG9IZUdwTEZoZz09

Конференция идентификаторы: 859 6889 2387 

Кіру коды: 351123 

 

 

ҚҰРМЕТПЕН, ҰЙЫМДАСТЫРУ АЛҚАСЫ!

 

Қосымша 1

Материалдарды рәсімдеуге қойылатын талаптар:

 

Конференция бағдарламасына кіргізіп, жинағын дайындау үшін 2020 ЖЫЛДЫҢ

26 ҚАРАШАСЫНА ДЕЙІН толтырылған тіркелу формасын, 7-10 бетке дейінгі көлемдегі Microsoft Оffice Word (2003, 2007) арқылы терілген мақалаларыңызды«конференцияға» деген айдармен электрондынұсқасын (материал кері қайтарылмайды) ұйымдастыру алқасына жіберу қажет.

Ұйымдастыру комитетінің байланыстары: Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71, Бас оқу ғимараты 3, каб. 4-4, Қазақстан тарихы кафедрасы. Тел.: +7 (727)3773338 (вн. 12-86), 87078737923, e-mail: kafedra.kaz@gmail.com

Әр файлда тек бір мақала болуы керек, файлдың атауына автордың тегі жазылуы қажет (Мысалы: Sadykova Ainur_ conference)  

 

Баяндамаларды рәсімдеуге қойылатын талаптар: 

  •  шрифті Times New Roman, (12 pt); интервал – 1, жиектері: жоғарғы – 2 см, төменгі – 2 см, сол – 3 см, оң – 1 см, абзац– 0,6 см.;
  •   жоғарғы жағында баяндама тақырыбы, 1 интервалдан кейін автордың аты-жөні, жұмыс орны, қаласы, тағы 1 интервалдан кейін мәтін
  •  суреттер (ақ-қара түсті) 300 dpi –ден кем емес JPEG, JPG форматында сканерленген болуы шарт
  •  Сілтеме тік төртбұрышты жақшамен мәтіннің соңында берілуі тиіс.

 

Жинаққа ұсынылатын материалдарыңыз қатаң редакцияланған, талапқа сай болуы тиіс. Баяндама мәтіні мен мазмұнына автор жауап береді. Мақаланы қабылдау, жариялау туралы шешімді Ұйымдастыру алқасы қабылдап, 3 күн мерзімнің ішінде электронды адреске жауаптарын жібереді. Конференция жинағы ұйымдастырушылар қаржысына шығарылады.

 

Конференцияға қатысушылардың жолы, қонақ үйі, тамағы конференцияға қатысушылардың тарапынан төленеді.

 

ТІРКЕЛУ ФОРМАСЫ 

Тегі ______________________________________________________________

Аты______________________________________________________________

Әкесінің аты (толық)________________________________________________

Ғылыми дәрежесі, лауазымы__________________________________________

Жұмыс орны (елі, ұйымның толық атауы, кафедрасы)____________________

Байланыс телефондары, E-mail_______________________________________

Секция____________________________________________________________

Баяндама тақырыбы_________________________________________________

Мен:

¨     Секция отырысында баяндама жасаймын;

¨     Конференцияға тыңдаушы ретінде қатысамын;

¨ Сырттай қатысамын.

 

Өтетін орны: Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 71, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Әл-Фараби кітапханасы, 409 зал. Басталуы: сағ.10.00. 

 


 

Подробнее >>

Благородный ученый, совершивший вековой подвиг на двух фронтах

18.11.2020

­­ҚР ҰҒА құрметті академигі, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Уахит Хамзаұлы Шалекенов (12.05.1924 - 18.11.2020) – 96 жасында өмірден өзды.

Уахит Хамзаұлы екі майданда ерлік көрсеткен, бірі Ұлы Отан соғысының майданында. 53 Дала армиясы, 299 атқыштар дивизиясы, 960 атқыштар полкы құрамында болып Старый Оскол, Новый Оскол, Белгород және Харьков қалаларын азат етуге қатысқан. Екіншісі отандық археология және этнология ғылымының майданында. Баласағұн (Ақтөбе) қаласының орнын нақтылауын Уахит Хамзаұлы Шалекеновтың Еуразия археология ғылымындағы ерлігі деуге болады. Баласағұн құндылықтарын табумен қатар, оны ғылыми айналымға ендіру мақсатында ғылыми атрибуциясын жасап, өңірлік музейге тапсырып отырған. Бұл ғалымның осы өңірдің тарихи өлкетану, практикалық өлкетану жұмысына деген ерекше қамқорлығын көрсетеді.

Баласағұнның қираған орны қай жерде жатқандығы ұзақ жылдар бойына жұмбаққа айналғаны да тарихи шындық, зерттеушілер қанша іздесе де Баласағұнның орны дәл қай жерде екені көп уақыт беймәлім болып келген еді. 1974 жылдан бастап әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің археологиялық экспедициясының кешенді зерттеуі мен осы экспедицияға жетекшілік еткен белгілі ғалым Уахит Хамзаұлы Шәлекеновтың табанды зерттеулері нәтижесінде Баласағұнның шынайы бейнесі халыққа жетті. Уахит Хамзаұлының бойындағы ынталылық пен табандылық қасиет оған «Баласағұн» зерттеуін кешенді жүрзізу міндетін жүктеп қана қойған жоқ, өз соңына «Баласағұнтанушы» шәкірттерді ерте білді. Ол Баласағұннан 1974 жылы болашақ археолог мамандардың практикалық танымын қалыптастыратын «археологиялық база» салуға мұрындық болды, қазіргі таңда «Баласағұн» (Ақтөбе) археологиялық базасы Ашық археологиялық музейлік-туристік кешен ретінде қайта құрылып, университеттің оқу-практикалық базасын кеңейітті. 2013 жылдың жаз айында ЮНЕСКО мамандары тарапынан Баласағұн қаласындағы ескі қоныстардың реставрациялық-консервациялық жұмыстары жоғары бағалануы Уахит Хамзаұлы бастаған жұмыстың нәтижесі десек болады. Қазақ даласының төсінде көшпелі өркениеттің, дала өркениетінің бейнесі Баласағұн сияқты шаһардың болғандығы әрбір қазақ баласы үшін мақтаныш. Баласағұнның көне шежіресін ғылымға ендіріп, ЮНЕСКО тарапынан халықаралық маңызы бар ескерткіш ретінде бағалануына күш салғаны үшін Уахит Шәлекеновке қарыздармыз.

Уахит Хамзаұлы отандық ғылымның өзекті мәселелеріне батыл көзқарасын танытқан ғалым. Уахит Хамзаұлы Шалекенов 1973 - 1989 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде археология және этнография кафедрасының менгерушiсi, тарих факультетiнің деканы қызметін атқарды. Университеттің «Археология музейі», «Этнография музейі» негізін қалады. Уахит Хамзаұлының отбасы мен туған туыстарына қайғырып көңіл айтамыз. Уахит Хамзаұлы Шалекенов есімі мәңгі жүрегімізде сақталады.

Подробнее >>