Благородный ученый, совершивший вековой подвиг на двух фронтах

18.11.2020

Просмотров: 1454

­­ҚР ҰҒА құрметті академигі, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Уахит Хамзаұлы Шалекенов (12.05.1924 - 18.11.2020) – 96 жасында өмірден өзды.

Уахит Хамзаұлы екі майданда ерлік көрсеткен, бірі Ұлы Отан соғысының майданында. 53 Дала армиясы, 299 атқыштар дивизиясы, 960 атқыштар полкы құрамында болып Старый Оскол, Новый Оскол, Белгород және Харьков қалаларын азат етуге қатысқан. Екіншісі отандық археология және этнология ғылымының майданында. Баласағұн (Ақтөбе) қаласының орнын нақтылауын Уахит Хамзаұлы Шалекеновтың Еуразия археология ғылымындағы ерлігі деуге болады. Баласағұн құндылықтарын табумен қатар, оны ғылыми айналымға ендіру мақсатында ғылыми атрибуциясын жасап, өңірлік музейге тапсырып отырған. Бұл ғалымның осы өңірдің тарихи өлкетану, практикалық өлкетану жұмысына деген ерекше қамқорлығын көрсетеді.

Баласағұнның қираған орны қай жерде жатқандығы ұзақ жылдар бойына жұмбаққа айналғаны да тарихи шындық, зерттеушілер қанша іздесе де Баласағұнның орны дәл қай жерде екені көп уақыт беймәлім болып келген еді. 1974 жылдан бастап әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің археологиялық экспедициясының кешенді зерттеуі мен осы экспедицияға жетекшілік еткен белгілі ғалым Уахит Хамзаұлы Шәлекеновтың табанды зерттеулері нәтижесінде Баласағұнның шынайы бейнесі халыққа жетті. Уахит Хамзаұлының бойындағы ынталылық пен табандылық қасиет оған «Баласағұн» зерттеуін кешенді жүрзізу міндетін жүктеп қана қойған жоқ, өз соңына «Баласағұнтанушы» шәкірттерді ерте білді. Ол Баласағұннан 1974 жылы болашақ археолог мамандардың практикалық танымын қалыптастыратын «археологиялық база» салуға мұрындық болды, қазіргі таңда «Баласағұн» (Ақтөбе) археологиялық базасы Ашық археологиялық музейлік-туристік кешен ретінде қайта құрылып, университеттің оқу-практикалық базасын кеңейітті. 2013 жылдың жаз айында ЮНЕСКО мамандары тарапынан Баласағұн қаласындағы ескі қоныстардың реставрациялық-консервациялық жұмыстары жоғары бағалануы Уахит Хамзаұлы бастаған жұмыстың нәтижесі десек болады. Қазақ даласының төсінде көшпелі өркениеттің, дала өркениетінің бейнесі Баласағұн сияқты шаһардың болғандығы әрбір қазақ баласы үшін мақтаныш. Баласағұнның көне шежіресін ғылымға ендіріп, ЮНЕСКО тарапынан халықаралық маңызы бар ескерткіш ретінде бағалануына күш салғаны үшін Уахит Шәлекеновке қарыздармыз.

Уахит Хамзаұлы отандық ғылымның өзекті мәселелеріне батыл көзқарасын танытқан ғалым. Уахит Хамзаұлы Шалекенов 1973 - 1989 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде археология және этнография кафедрасының менгерушiсi, тарих факультетiнің деканы қызметін атқарды. Университеттің «Археология музейі», «Этнография музейі» негізін қалады. Уахит Хамзаұлының отбасы мен туған туыстарына қайғырып көңіл айтамыз. Уахит Хамзаұлы Шалекенов есімі мәңгі жүрегімізде сақталады.