Оқу-әдістемелік қызмет

Тарих, археология және этнологияфакультетінің оқу- әдістемелік жұмысы

Тарих, археология және этнологияфакультетінің әдістемелік жұмысы факультеттің мамандықтарын ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етуді, жаңа технологиялар, әдістер, білім берудің формалары мен құралдарын әзірлеуді, қалыптасқан түрлерін жетілдіруді, біліктіліктің артуын және кәсіби шеберлікті, профессорлық-оқытушылық құрамның ғылыми-әдіснамалық әлеуетін жетілдіруді мақсат тұтады. Бұл жұмыстар факультеттің әдістемелік бюросы тарапынан үйлестіріледі. Олар өз қызметтерін жүзеге асыруда оқу үрдісін ұйымдастыру және әдістемелік қамтамасыз етуге арналған нормативті құжаттарды, мемлекеттік білім беру стандарттарын, пәндердің типтік және типологиялық және негізгі бағдарламаларын, университет Жарғысын басшылыққа алады.

Факультеттегі әдістемелік жұмысты ұйымдастыру мынадай іс-шаралар кешенін көрсетеді:

-Бакалавр, магистр, PhD доктор академиялық дәрежелеріндегі жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандар дайындауды қамтамасыз ету;

- Факультеттегі мамандықтардың білім беру бағдарламаларын әлемнің жетекші университеттерінің білім беру бағдарламаларымен сәйкестендіру;

- Оқу үрдісіне білім берудің модульді ұйымдастыруы негізінде құзыреттілік әдісін енгізу;

- Элективті пәндер санын арттыру - студенттердің білім алуының жеке траекториясын қалыптастыру мүмкіндігін кеңейтеді;

- Оқытушылар мен студенттердің академиялық ұтқырлығын қамтамасыз ету;

- Факультеттің мамандықтарының арасындағы пәнаралық байланыстарды дамыту;

- Білім берудің инновациялық формалары мен әдістерін пайдалану;

- Білім беру бағдарламаларын әзірлеу барысында жұмыс берушілер мен еңбек нарығының талаптарын ескеру.

Тарих, археология және этнология факультетініңбарлық кафедралары жаңа Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары (ГОСО) мен кәсіби-білім беру бағдарламаларына сәйкестендірілген қазақ және орыс тілдеріндегі типтік және негізгі білім беру бағдарламаларын әзірледі.

Факультет мамандықтары бойынша болашақ мамандарда құралдық, тұлғааралық, жүйелі және пәндік құзыреттіліктерді қалыптастыру үшін үш тілде білім беру бағдарламаларының спецификациясы жасалынды.Сондай-ақ міндетті білім беру бағдарламалары, құзыреттілік әдісті ескере отырып элективті пәндердің каталогтары жасалынды.

3. Үстіміздегі жылда оқытылатын пәндердің силлабустарын, ПОӘК-ын жасау ісі заманауи білім беру технологиялары мен заманауи оқу үрдісін ұйымдастыруды қабылдауды көздеді. Бұл бағытта мынандай қызметтер жүзеге асырылады: мәселелік-ориентациялық білім беру; бірінші және екінші деңгейлі жобалар әзірлеу; тренингтер, кейс-стади әдісі; SWOT-анализ, рөлдік және істік ойындар, семинар-дөңгелек үстелдер, баспасөз жиындары, білім берудің барлық формалары бойынша деңгейді анықтаудың шығармашылық және тесттік тапсырмалары; құзыреттілік емтихандық сауалдар және т.б.

4. Факультеттің мамандықтарында халықаралық аккредитацияға арналған нормативтік құжаттаманы дамыту бойынша жұмыстар жалғастырылды. Олар Аккредитация, сертификация және сапаны қамтамасыз ету агенттігі (ACQUIN) (Германия) және Сапаны қамтамасыз ету мен аккредитация Агенттігі (AQA (Австрия)) талабына сай келтірілген.

5. Факультет кафедраларының оқытушылары ағылшын тілінде курстар даярлап, оқуда. Ағылшын тіліндегі курсатаулары:The history ofmuseumsin Great Britain,Medieval Capital Towns of Kazakhstan,Modern history of Kazakhstan,Islam in Central Asia,History of Turk Khaganates,Doctoral Research and Study skills,Ancient end medieval history of Kazakhstan,Contemporary theoretical – methodical approaches’ to actual problems of Central Asia,World History: New Methodological trend,History of primitive society,Innovation to study of fundamental problem World History

6. Кафедраларда ашық сабақтар мен өзара қатысу кестесі жасалған.

7. Факультетте кафедра оқытушыларына арнап оқу-әдістемелік мәселелерге, білім сапасының диагностикасына қатысты, білімнің инновациялық әдістеріне және кәсіби-педагогикалық мәдениетке, студенттердің өзіндік жұмыстарының әдістемелерінің ғылыми негізіне арналған семинарлар ұйымдастырылады.

8. Жалпы және этникалық педагогика кафедрасында Жоғары (университеттік) білім Лабораториясы бар. Мұнда факультеттің жас оқытушылары мен магистранттары білім алады. Факультеттегі Әлеуметтік технологиялар орталығы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Біліктілікті арттыру институтымен бірге қызмет етуде.

9. Оқу үрдісін қажетті әдебиеттермен және әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілу деңгейінің мониторингі үнемі жасалады.

10. Тарих, археологияжәне этнология факультетіоқытушылары жыл сайынғы универсиеттің ғылыми-әдістемелік конференцияларына қатысуда.