Төлеуханов Сұлтан Төлеуханұлы


Төлеуханов Сұлтан Төлеуханұлы

биология ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық Информатизация академиясының академигі, ҚР ҰҒА-ның жоғарғы мектебінің академигі, Ресей жаратылыстану академиясының корреспондент-мүшесі, адам және жануарлар физиологиясы мен биофизика кафедрасының меңгерушісі

Негізгі ғылыми зерттеу жұмыстары қоршаған ортаның химиялық және физикалық факторларының адам және жануарлар ағзасына физиологиялық және биофизикалық әсерлерін зерттеуге, ортаның төтенше жағдайларына ағзаның бейімделу және биологиялық ырғақтар мәселелеріне арналған.

Төлеуханов С.Т. – 400-ден астам ғылыми және көпшілікке танымал мақалалардың авторы. 9 өнертабыс, 4 монография, 3 оқулық, 15 оқу құралы, оның ішінде «Қалыпты физиология», «Адам физиологиясы», «Жас кезеңдер физиологиясы», «Хронобиология және хрономедицина», «Временная организация биологических систем», «Plant Photobiology» және басқа еңбектері жарыққа шыққан.