Сальников Виталий Григорьевич


САЛЬНИКОВВИТАЛИЙГРИГОРЬЕВИЧ

География және табиғатты пайдалану
факультетініңдеканы
г.ғ.д., профессор

1983 жылы С.М. Киров атындағы ҚазМУ-нің метеорология мамандығы бойынша бітірген. 1989 жылдан бастап ҚСРО Гидрометорталығының (Мәскеу қ.) аспирантурасын бітіргеннен кейін және кандидаттық диссертацияны табысты қорғағаннан кейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де жұмыс істейді. 1999-дан 2002-ге дейiн әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де докторантурада оқыды.

Халықаралық экологиялық қауiпсiздiктiң және табиғатты пайдалану академиясың академигі (2012), Халықаралық тұрақты даму ғылыми мектебiнiң табиғатты тиiмдi пайдалану Комиссияның жетекшiсi (2012), «ҚазҰУ Жаршысы» журналының географиялық топтамасының ғылыми редакторы (2006г), «Гидрометеорология және экология» журналының редакция алқасының мүшесі, «Адам және биосфера» ЮНЕСКО Ұлттық комитетi бағдарламасының мүшесi (2012г), Қазақстан Республикасының (КҰГҚ) Қазақстан Ұлттық география қоғамының Вице-Президенті (2013г.). Әкiмшiлiк, ғылыми және педагогикалық белсендiлiктi қоса атқарады. Курстық, бiтiрушi және дипломдық жұмыстарына, магистерлiк және докторлық (PhD )диссертацияларына басшылық етедi. ҚР мемлекеттiк жалпы бiлiм беру стандарттарының авторлық ұжымының жетекшiсі. Барлық оқитын пәндер бойынша ПОӘК-нің авторы.

Географиялық мамандықтары бойынша РУМС-тың оқу-әдiстемелiк комиссиясының төрағасы.

2009 жылы ҚР БҒМ-нің «ЖОО-ның Үздік оқытушысы» Республикалық грантына ие болды.

2013 жылы ҚР БҒМ-нің «Ғылымға қосқан үлесі» үшін құрмет белгісімен марапатталған.

«География», «Геоэкология» және «Туризм» мамандықтары бойынша PhD диссертацияларды қорғау кеңесінiң төрағасы. Оның басқаруымен кандидаттық және PhD диссертация қорғалды.

Ғылыми зерттеулердi маңызды басымдары: жаhандық және аймақтық өзгеру жағдайында климаттық өзгерулер және бейiмделу, отұрақты инновациялық энергоэкологиялық дамуы, қоршаған ортаның сапасын басқару, табиғи апаттар туралы дабылды ерте ескерту жүйелері және экологиялық менеджмент, экологиялық тәуекелді ескерту үшін қашықтықтан зондылау мәліметтерін қолдану, ГАЖ технологиялары және метеорологиялық мониторинг.

Ғылыми жетекші ретінде, Ноттингем университетiмен (INSPIRE) ірі Халықаралық Қазақ-Британ жобасын жүзеге асыруға қатысты.

Фундаменталды зерттеулер бағдарламалары бойынша ҚР ҒББМ ғылыми жобаларының жетекшісі. 150 мыңнан астам ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстардың авторы.

Маңызды басылымдары:

  1. Проблема соизмерения безопасности и устойчивого развития на основе общих законов Природы//Устойчивое инновационное развитие: проектирование и управление, 2012. (В соавторстве с Большаковым Б.Е.)
  1. Климат Казахстана – основа формирования водных ресурсов. Водные ресурсы Казахстана: оценка, прогноз, управление. Том V, 2011. – 348 с. (В соавторстве с Турулиной Г.К., Талановым Е.А., Поляковой С.Е., Долгих С.А., Петровой Е.Е.)
  1. Эколого-климатичесский потенциал Казахстана. - Монография. – Алматы, Казак университетi, 2006. – 262 с.