Асылбекова Айжан Асылбековна


 

 

АСЫЛБЕКОВА АЙЖАН АСЫЛБЕКОВНА

 

Деканның ғылыми-инновациялық және халықаралық байланыс жөніндегі орынбасары

PhD "География", и.о. доцента

 

Асылбекова Айжан Асылбекқызы Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы, Таскескен ауданында дүниеге келген.

1999 жылы Қазақ ұлттық университетінің география факультетіне түсіп, 2003 жылы үздік бітірді. Сол жылы аталған университеттің физикалық география кафедрасының магистратурасына түсіп, 2005 жылы «Алматы қаласының ауа бассейнінің ластануының адам денсаулығына тигізер әсері» атты магистрлік дисертациясын профессор Г.М.Джаналееваның жетекшілігімен жоғары бағамен қорғады.

2007 жылы Қазақ ұлттық университетінің «География» мамандығының докторантурасына (PhD) қабылданды (ғылыми жетекшісі г.ғ.к., доцент Керімбай Н.Н., шетелдік жетекші, Дортмунд техникалық университетінің (Германия) профессоры Бургхард Мейер).

2010 жылы доктарантураны үздік бітіріп, Қазақстан Республикасының ең алғашқы география саласындағы PhD докторы атанды.

2010-2011 оқу жылында геоморфология және картография кафедрасына оқытушы болып қызметке қабылданды. 2013 жылға дейін жұмысын жалғастырды.

2012 жылдан 2013 жылға дейінгі аралықта картография және геоинформатика кафедрасының меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары қызмтін атқарды.  

2013 жылдан қазіргі уақытқа дейін география факультетінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралықбайланыс жөніндегі декан орынбасары қызметін атқарып келеді.

2013 жылы «EURASIA-PACIFIC UNINET-Technology Scholarship – Incoming Technology Grants East, Central and South Asia» бағдарламасы бойынша Зальцбург университетіне (Австрия) пост докторантураға қабылданды, зерттеу тақырыбы - «Remote Sensing» (ғылыми кеңесшісі профессор Джозеф Стробл).

А.А.Асылбекова «Геодезия және картография» мамандығының студенттерін оқытуда қажетті компьютерлік MapІnfo, Arcvіew, GeoTransformer, ArcGІS, ENVІ, IDRISI, ERDAS, ILWIS сияқты жаңа геоақпараттық қолданбалы бағдарламаларды жақсы меңгерген. Сондай-ақ атап отырған мамандық бойынша оқу пәндерін тек мемлекеттік тілде ғана емес, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіп келе жатыр, бұл мамандарды даярлау мүмкіндіктерін кеңейтіп отыр.

Сонымен қатар, студенттердің ғылыми жұмыстарына ғана жетекшілік етіп қоймай, ғылыми жобалардың зерттеу жұмыстарына қатысады. JPCR Geoinformatics: Managing Energy, Resources, Environment – GEM, TEMPUS халықаралық ғылыми жобасының жауапты хатшысы екенін ерекше атап өтуге болады. Аталған жоба бойынша жетекші шетел университеттерінде, атап айтқанда, Зальцбург университеті (Австрия), Амстердам университеті (Нидерланды), Батыс Венгрия (Венгрия) университеттерінде біліктілігін арттырды.

2013 жылдың ақпан айында Cap-Net жобасы бойынша Коста-Рика университетінде (Коста-Рика Республикасы, Орталық Америка) "Earth Observation and IWRM" тақырыбында өткізілетін тренингке жолдама ұтып алды. Осылайша, мемлекетімізге ұсынылған жалғыз жолдаманың иегері атанды.

Бес іргелі, қолданбалы және халықаралық жобалардың қатысушысы. Эрасмус Мундус жобасының «gSmart – Spatial ICT Infrastructures for Smart Places» (2013-2017жж.) бағдарламасының Орталық Азиядағы координаторы.

Қазіргі уақытта А.А.Асылбекованың докторлық диссертациясының тақырыбы бойынша баспадан шыққан 20 мақаласы бар.

Негізгі ғылыми еңбектері:

  1. Асылбекова А.А. «Connected Regions: Societies, Economics and Environments» атты жетінші Орталық Азия халықаралық ғылыми-тәжірибиелік конференциясының материалдар жинағы. 2-3 маусым, ҚазҰУ, Алматы қаласы, 2013 жыл.