Хабарландырулар және ғылымдағы оқиғалар

Ғылым саласындағы жыл сайынғы сыйлықтары мен стипендиялар конкурстары туралы хабарландыру

28-там-19

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2019 жылдың жыл сайынғы ғылым саласындағы сыйлығына ізденіс конкурсын жариялайды:
– жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік ғылыми зерттеуі үшін  Қ.И. Сәтбаев атындағы бір сыйлық;
– гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік ғылыми зерттеуі үшін  Ш. Уәлиханов  атындағы бір сыйлық;
– педагогика саласындағы үздiк ғылыми зерттеуі мен жұмысы үшiн  Ы. Алтынсарин атындағы бір сыйлық;
–  түркология саласындағы аса зор жетістіктері үшін Күлтегін атындағы бір сыйлық;
– жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік жұмысы үшін жас ғалымдарға арналған Д.А. Қонаев атындағы бір сыйлық;
– гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік жұмысы үшін жас ғалымдарға арналған М.О. Әуезов атындағы бір сыйлық;
–  75 мемлекеттік ғылыми стипендияны, оның ішінде 50-і талантты жас ғалымдарға арналған.

Ары қарай оқу >>

Хабарландыру 2020-2022 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарға гранттық қаржыландыруға арналған конкурсты өткізу туралы

28-мау-19

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі  - ҚР БҒМ) ғылымды дамытудың басым бағыттары бойынша («Мәңгілік ел» ғылыми негіздері (XXI ғасырдың білімі, гуманитарлық ғылымдар саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер; Энергетика және машина жасау; Табиғи, оның ішінде су ресурстарын тиімді пайдалану, геология, қайта өңдеу, жаңа материалдар мен технологиялар, қауіпсіз бұйымдар мен құрылымдар; Өмір және деңсаулық туралы ғылымдар; Ақпараттық, телекоммуникациялық және ғарыштық технологиялар, жаратылыстану ғылымдар саласындағы ғылыми зерттеулер; Агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуы және ауылшаруашылық өнімнің қауіпсіздігі; Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс және Конкурстық құжаттамаға сәйкес мамандандырылған ғылыми бағыттар бойынша 2020-2022 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар (іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер) бойынша гранттық қаржыландыруға конкурс өткізетіні жөнінде хабарлайды.

Ары қарай оқу >>

Ғылыми зерттеулерге гранттар конкурсы

12-мау-19

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры 40 жасқа дейінгі жас қазақстандық ғалымдарға арналған ғылыми зерттеулерге гранттар конкурсын жариялайды.

Өтінімдер беру мерзімі: 30 мамыр – 30 маусым 2019 ж.

Ары қарай оқу >>

«Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» атты журналистер арасында халықаралық конкурс жарияланады

12-мау-19

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры мен Кітапханасы баспа, электрондық және аудиовизуалдық бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің арасында белгіленген тақырыпқа арналған үздік материалға халықаралық шығармашылық ашық конкурс жариялайды.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер 2019 жылғы 3 маусым мен 20 қазан (қоса алғанда) дейін келу тәртібімен немесе пошта арқылы мына мекенжайда қабылданады: Z05S5X1, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Ә. Бөкейхан көшесі, 1, 404 бөлме., «Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» конкурсына» деген белгілеумен, байланыс телефондары: +7(7172) 69-30-54, 69-30-56, 69-30-57, 69-30-51).

Ары қарай оқу >>

Тұңғыш Президент Қорының студенттік шәкіртақылар конкурсы – 2019

12-мау-19

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры қазақстандық студенттерден дербес шәкіртақылар тағайындау конкурсына қатысу үшін өтінімдер қабылдаудың басталғандығын жариялайды.

Өтінімдер қабылдау 2019 жылдың 27 мамырынан басталады және 28 маусымына дейін жалғасады.

Ары қарай оқу >>

British Council (Британ Кеңесі) Ғылым қоры АҚ-мен бірлесіп Шеврон компаниясының қолдауымен Халықаралық FameLab байқауы форматында жас ғалымдардың ұлттық конкурсын өткізеді

29-қар-18

British Council (Британ Кеңесі) "Ғылым қоры" АҚ-мен бірлесіп, "Шеврон" компаниясының қолдауымен Халықаралық FameLab байқауы форматында жас ғалымдардың ұлттық конкурсын өткізеді. Бұл конкурс ғылыми коммуникацияның ең ірі конкурстарының бірі болып табылады және Еуропа, Азия және Африканың 20-дан астам елінде өткізіледі.

Ары қарай оқу >>

Әлем зертханаларындағы ғылыми тағылымдама

5-қар-18

5 қараша күні əлемнің зертханаларындағы ғылыми тағылымдамалар бағдарламасының конкурсы басталды. Биылғы жылы академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры 10 емес , 17 бакалавриат, магистратура студентіне жəне жұмыс жасап жүрген ғылыми қызметкерлерге əлемнің үздік университеттерінде жазғы уақытты пайдамен өткізу мүмкіндігін беріп отыр.

Ары қарай оқу >>