Алаштанушы-ғалым, балалар жазушысы, әдебиет сыншысы, ҚР Үкіметінің Дарын жастар сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Елдос Нүсіпұлы Тоқтарбайдың “Ұлтты сүю формуласы" тақырыбындағы қоғамдық дәрісі өтті

02.02.2023

Просмотров: 1001

2 ақпан 14.00-де Алаштанушы-ғалым, балалар жазушысы, әдебиет сыншысы, ҚР Үкіметінің Дарын жастар сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Елдос Нүсіпұлы Тоқтарбайдың “Ұлтты сүю формуласы" тақырыбындағы қоғамдық дәрісі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Экономика және бизнес жоғары мектебінің 1 залында «Қаржы және есеп» кафедрасының 1-3 курс қазақ бөлімінің эдвайзерлері мен студенттерінің қатысуымен, кафедраның жас ғалымы Досжан Райгүл Дүкенбайқызының ұйымдастыруымен өтті. Кездесу жоғары деңгейде қазақ рухын көтеретін, Ұлтты сүю формуласын әрбір тыңдаушының жүрегіне жеткізетіндей керемет дәрежеде өтті.