“Қаржы және есеп” кафедрасының доценті Керімбек Ғалымжан Есқараұлының жетекшілігімен “Қаржы” мамандығы бойынша қысқартылған қаржы тобының 3 курс студенттері “Салық менеджменті” пәнінен өздерінің жасаған бизнес жоспарымен таныстырды
Просмотров: 589
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, “Қаржы және есеп” кафедрасының доценті Керімбек Ғалымжан Есқараұлының жетекшілігімен “Қаржы” мамандығы бойынша қысқартылған қаржы тобының 3 курс студенттері “Салық менеджменті” пәнінен өздерінің жасаған бизнес жоспарымен таныстырды. Студенттің өзіндік жұмысының мақсаты: Студенттердің кәсіпкерлікке деген қызығушылығын ояту, болашақ арманы мен мақсатына сәйкес кәсіпкерлік түрін ашу, төлейтін салықтары мен басқа да міндетті төлемдерін есептеу. Әр студент өзінің ашқан кәсіпорыннын таныстырып, қызметінің мақсаты мен міндеті жөнінде қысқаша мәлімет берді. Абдуллаев Калык "I.C.C Company" мақта өндірісі, Кумисбек Батыржан "Batyr Company", Куатулы Данияр "Dan Company" жиһаз өнеркәсібі, Мунайтпасова Мадина "PJM" балалар киім өндірісі, Нусипбек Маржан "Ақ Пырақ" саумал өндірісі, Оспанов Арман "Q" ойын-сауық орталығы, Омирбекова Асем “Гипермаркет" сауда орталығы, Салин Хатира "Dara Company" ет өнімдерін өндіру, Тореқанқызы Аяжан "GreenHouse" көкөніс жылыжайы, Тумарханова Акерке "Erkecake" кондитерлік дүкен жобаларын ұсынды. Студенттер осы бизнес жобасы аясында кәсіпкерлікті жүргізудің жалпы ережелерін, әр түрлі салықтық төлемдерді есептеу мен төлеу тәртібін, салық декларациясын тапсыру мерзімін жете түсінді!






