“Қаржы және есеп” кафедрасының доценті Керімбек Ғалымжан Есқараұлы 17 қараша күні «Қаржыгерлер күніне» орай "Ерекше қаржылық институт ретінде зейнетақы қорларының әлеуметтік-экономикалық мәні” тақырыбында “Қаржы” мамандығының 3 курс студентеріне ашық дәріс өтті

17.11.2022

Просмотров: 598

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, “Қаржы және есеп” кафедрасының доценті Керімбек Ғалымжан Есқараұлы  17 қараша күні «Қаржыгерлер күніне» орай "Ерекше қаржылық институт ретінде зейнетақы қорларының әлеуметтік-экономикалық мәні” тақырыбында “Қаржы” мамандығының 3 курс студентеріне ашық дәріс өтті.Дәрісте жинақтаушы зейнетақы қорларының экономикадағы маңыздылығы мен мәні кеңінен қарастырылды. Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы қорының артықшылығын және кемшілігін талдай отырып, қазіргі кездегі жүргізіліп жатқан бағдарламалардың қыр-сырын түсіндірді. Студенттерге Ғалымжан Есқараұлы “Ашық алаңда”, “Таңшолпан” бағдалармасында, “Атамекен бизнес” телеарнасында  зейнетақы қорында жиналған қаражаттың шекті деңгейінен асатын соманы, оны қандай мақсатта пайдалану туралы берген сұхбатынан үзінділер көрсетті. Негізгі және өзекті мәселелердің мәнін атап өтті! Ашық дәрісте көрнекі құралдарды пайдаланумен өзекті мәселелердің мазмұнын аша білді!