«Бизнес баста» клубының ұйымдастыруымен «Ұлттық валюта – теңге» күніне орай «Қаржыгер – мамандық және өмір сүру стилі» тақырыбындағы халықаралық деңгейде дөңгелек үстел өткізілді
Просмотров: 607
11 қараша 2022 жылы сағат 16.00-18.00 аралығында «Қаржы және есеп» кафедрасының «Бизнес баста» клубының ұйымдастыруымен «Ұлттық валюта – теңге» күніне орай «Қаржыгер – мамандық және өмір сүру стилі» тақырыбындағы халықаралық деңгейде дөңгелек үстел өткізілді.
1993 жылдың 15 қарашасында Қазақстанда алғашқы ақша Реформасы жүргізілгені белгілі. Бұл кәсіби мереке негізінен 1994 жылдың 15 қарашасынан бастап атап өтіледі. Бірақ ресми түрде 1997 жылдың 13 қарашасында «Ұлттық валюта – теңге күнi туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы шыққан. Онда Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңге енгізілген күн ретiндегi тарихи маңызын атап өте отырып қаржы жүйесi қызметкерлерiнiң тұрақты экономикалық өсудi қамтамасыз етудегi рөлiн арттыру мақсатында 15 қараша Ұлттық валюта – теңге күнi, қаржы жүйесi қызметкерлерiнiң кәсiби мерекесi болып жарияланды және ол жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енгізілген. Сол себептенде «Қаржы және есеп» кафедрасы қаржы саласының мамандарындаярлайтын болғандықтан жыл сайын Ұлттық валюта –теңге күнiне орай әр түрлі мерекелік шаралар ұйымдастырады.
Елдің қаржылық саясаты толығымен Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің жұмысына, сонымен қатарҚазақстан Республикасы қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қызметімен байланысты. Сол себептенде іс-шараға қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінен мамандар, бір жағынан осы университеттің түлегі ретінде қонақтар шақырылды.
Іс-шара модераторы – экономика ғылымының кандидаты Асилова Айжан Сәрсенқызы қатысушыларды құттықтап, дөңгелек үстелді ашық деп жариялады.
«Қаржы және есеп» кафедрасының меңгерушісі, экономика ғылымының кандидаты, PhD докторы Нурмагамбетова Ажар Зейнуллаевна – құттықтау сөз айтып, қонақтармен таныстырды.
Шетелдік профессорлар, доктор Ахмад Махфудз –Индонезя, доктор Дариош Джамшиди – Оман, Сеитова Бактыгуль Климовна – Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының жетекшісі, Есенжол Дархан, Джуатова Сандугаш – Қазақстан Республикасы қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі, Стратегия және талдау департаментінің аналитиктері баяндама жасады
Жасалған баяндамаларда өте өзекті мәселелер қозғалды, мамандарға студенттер қарастырылған тақырыптар бойынша сұрақтар қойып, пікір алмасты.
«Қаржы және есеп» кафедрасының меңгерушісінің орынбасары, экономика ғылымының кандидаты Сырлыбаева Назгуль Шенгельбаевна іс-шараны қорытындылады және баяндама жасаған қаржы жүйесінің мамандарын мараптатады.
Іс-шараға «Қаржы және есеп» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы, «Қаржы» мамандығының 3-курс студенттері мен 2-курс магистранттары қатысты.






