“Айналаңды нұрландыр” жобасы аясында қаржыгерлер күніне орай ұйымдастырылған банк сарапшысымен ашық дәріс өткізілді

10.11.2022

Просмотров: 590

Экономика және бизнес жоғары мектебі, “ Қаржы және Есеп “ кафедрасы 10 қараша күні “Айналаңды нұрландыр” жобасы аясында қаржыгерлер күніне орай ұйымдастырылған банк сарапшысымен ашық дәріс өткізілді.

Дәріс қонағы болып: АҚ «Банкцентркредит» маркетинг бағытындағы сарапшысы ,  YesVR және Cyberaction Almaty виртуалды шындық ареналарының маркетинг жөніндегі директоры, Future by Electro компаниясының маркетинг жөніндегі директоры, 2015 жылғы Экономика және бизнес Жоғары мектебі, “Қаржы” мамандығының түлегі Абдыкадыров Нұрлан шақырылды. Ашық дәріс барысында банктегі мәнсап, маркетолог жұмысы және күнделікті мотивация туралы айтылып, студенттердің сұрақтарына жауап беріліп, қызықты болды. Дәріске "Қаржы және есеп" кафедрасының професор-оқытушылар құрамы және “Қаржы” мамандығының 2 курс студенттері қатысты.