"Әділетті Қазақстан - барлығы үшін және әрбірі үшін" сайлауалды платформасы шеңберінде «Әділетті Қазақстан: ҚР қаржы нарығындағы цифрлық технологиялар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

09.11.2022

Просмотров: 585

Экономика және Бизнес Жоғары Мектебі, «Қаржы және Есеп» кафедрасы 9 қараша күні "Әділетті Қазақстан - барлығы үшін және әрбірі үшін" сайлауалды платформасы шеңберінде «Әділетті Қазақстан: ҚР қаржы нарығындағы цифрлық технологиялар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге "Қаржы", "Есеп және аудит" мамандықтарының докторанттары, магистранттар, студенттер және «Қаржы және Есеп» кафедрасының оқытушы- профессорлық құрамы қатысты. Дөңгелек үстел барысында барлық қаржы нарығындағы жаңа цифрлық өзгерістер туралы баяндалып, сұрақтар қызу талқыланды.