Ақпараттық технологиялар факультетінің студенттері жаңа білімді игеруге және практикалық мүмкіндіктерін кеңейтуге тырысады. Осы мақсатта информатика, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығының төртінші курс студенттері TOO "Digital Alem" компаниясы» базасында практикалық тағылымдамадан өтті.
Жаңа ұрпаққа білім беру, тәрбиелеу және дамыту бай ортада жүзеге асырылады. Ақпараттық технологиялар оқытушының кәсіби-педагогикалық сапаларына, оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудың әдістемелік және ұйымдастырушылық аспектілеріне қойылатын жаңа талаптарды белгілейді. Берілген тапсырманы орындау үшін студенттер практикалық сабақ барысында ақпараттық технологиялар саласындағы мәселелерді шешті. Жинақталған тәжірибенің арқасында студенттер жоғары деңгейлі бағдарламалау тілінің практикалық қолданылуымен танысты, SQL құралдарының көмегімен үлкен көлемдегі ақпаратты өңдеу әдісін үйренді, сонымен қатар жұмыс процесінің құрылымымен және ұйымдастырылуымен танысты.