«ӘЛЕМ,ТҮРКІ ЦИВИЛИЗАЦИЯСЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

13.03.2023

Просмотров: 1288

Тұсаукесер барысында автор Оразалы Сәбден кітаптың маңыздылығына тоқталып,"Әлем,Түркі цивилизациясы және Қазақстанның болашағы" атты кітаптың қоғамға деген пайдасын және жастарға бағыт бағдар беретіні туралы сыр шертті. Тұсаукесер барысында ҚазҰУ студенттері авторға толассыз сұрақтар қойып,пікір алмасып,көкейлерінде жүрген сұрақтарға жауап алды.

Жиында сөз алған профессор-Фатима Ташимова,және Экономика және бизнес жоғары мектебінің деканы Бимендиева Лейла Абдрашовна кітаптың құндылығына тоқталып,жас ұрпаққа берер мол өнегесін айтты.О.Сәбденнің "Әлем,Түркі цивилизациясы және Қазақстанның болашағы","Қазақстанның сара жолы" т.б.кітаптары ҚазҰУ Ғылыми Кітапханасына тапсырылды.