«Мағжан Жұмабаев шығармашылығындағы ұлттық тәрбие» (ашық кураторлық сағат)

01.03.2021

Просмотров: 2763

М.Жұбаеав қазақ жастарының бойындағы қабілеттерін ел мүддесі үшін қолдана білуін, танымдық жаңашылдыққа бет алуын арман етті.  Мағжан арман еткен жаңашылдық  мен ұлттық тәрбие мәселелері бүгінгі күні өзекті сипатқа ие болып отыр.  Мектебіміз түгіл, отбасылық тәрбиемізге де кіріп алған өзге жұрттың тәрбиесі ұрпағының келешегіне кесірін тигізерін Мағжан күні бұрын білді. Соқыр еліктеудің соңы сүріндірерін, опындырарын біліп, сақтанудың жолдарын қарастырды. Ұлттық тәрбие- ұлттық сана-сезімі жоғары болашақ маман жастарды тәрбиелеуге негізделген білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі. Жалпы «ұлттық» деген сөздің астарында елге- жерге, тілімізге, дінімізге , салт-дәстүрімізге деген құрмет жатыр.