ШАЛҚАРДЫҢ ТӨРІНДЕ «СҰҢҚАР» БАҒДАРЛАМАСЫ

02.02.2023

Просмотров: 584

Осыдан бірнеше жыл бұрын Шалқар радиосында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Журналистика факультеті студенттерінің "Сана" бағдарламасы шығып тұрған болатын. Қазіргі уақытта сол үрдіс жалғасын тауып жатыр. Қаңтардың жиырма төртінші жұлдызында «Сұңқар» студиясының алғашқы хабары эфирге жол тартты. Бағдарлама жетекшісі - Болатбек Төлепберген.

 

Шығармашылық топ жетекшісі - Берікбол Төлеген. Кезекті шығарылымның жүргізушілері - Ибрахим Бірлік, Камшат Аралбай. Тақырыбы «Шет елді көру арманым. Оған шығар жол бар ма?» деп аталады. Қазір шетелге аттану, білім алу аса қымбат көрінгенімен, бюджеттік нұсқаларын қарастыруға да болады. Оған бірнеше мемлекеттік бағдарламалар да бар.

 

Жер бетін аралап, мұхит асып білім алудың жолдарын қарастырып, оның жолдарымен бөлісті. Сондай-ақ эфир барысында мемлекеттік «Болашақ» бағдарламасының түлегі Асылбекова Жаңыл ханым шетелде білім алудың артықшылықтарына тоқталса, Қазақ ұлттық университетінің халықаралық ғылыми байланыс өкілі Қарлыға Мысаева арнайы студенттер үшін академиялық ұтқырлық жайында айта кетті.

 

«Сұңқар» студиясы әр апта сайын хабар таратып отырады. Бағдарламаның кезекті шығарылымын 3 ақпан 16:00 де тыңдай аласыздар. Эфир жүргізушілері - Айгерім Есімхан, Аяулым Тілеуқабыл, Қосқанат Бауыржан. Осы аптада талқылайтын мәселе - «Қазақстандағы кітап нарығы: қазақша туындылардың үлесі қандай?». Қазіргі уақытта Қазақстандағы кітап нарығы қандай? Кітап дүкендері қаншалықты артты? Ондағы оқулықтар мен әдебиеттер үлесі қандай? Қай елдердікі? Қазақша туындылардың үлесі қандай деген сұрақтарға жауап алу үшін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Журналистика факультетінің студенттері дайындаған бағдарламаны тыңдап көріңіз.

 

Хабарды Шалқар радиосынан жұма 16:00-де, қайталауын жексенбі күні 18:00 де тыңдасаңыздар болады.

 

Айгерім ЕСІМХАН

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Журналистика факультетінің 1-курс студенті