Медиатрендтер. Идеялар. Болжамдар

02.02.2023

Просмотров: 491

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Журналистика факультетінде "Media Vision–2023" форсайты өтті.

 

Журналистика факультетінің деканы Нұржан Қуантайұлы шараның ашылында Digital нарығындағы басым трендтерді атап өтті.

 

Бүгінгі медиа мен коммуникация саласындағы трендтерді бағамдаған медиа сарапшысы Айбар Олжаев шараның модераторы ретінде бастан аяқ бір деммен алып шықты.

Айбар "Қазақстандағы корпоративтік коммуникациялар: ашықтықтың жаңа талаптары" туралы талдауында басты үш мәселеге тоқталды. Үкіметтік органдарды халыққа ашықтығы. Халықтың мемлекеттік қызметтердің есебіне қолжетімдігі. Коммуникацияның жүйелігі.

 

"Киноның кішкентай құпиялары және медиа өзгерістері". Тақырып қызықты әрі тартымды. Диас Азимжанның визуалды схемалары аса қарапайым. Түсінікті. Логикалық шешімі мықты. Кинодағы оқиға, шиеленіс, медиа құралдардың қызметі. Бастысы, кино индустриясындағы коммуникация. Кульминиациядан мәреге жету технологиялары.

Диастың аудиорияны баурап алатын харизмасын таныдық.

 

"Кинодағы PR". Спикер Ирина Леваднева кино мен медиадағы жасырын жарнама және маркетинг жайлы жап-жақсы талдауларын ұсынды. Тіпті кино футбол жайлы босла, ондағы допты (брэнд) ұсынатын компаниялар өте ауқымды қаржы арқылы экранға жолдама алатыны. Автожарыс туралы фильмдерде компаниялар шығынға белшеден бататыны. Экшн фильмдерде бір емес жүздеген машина түрлі апаттық жағдайдаларды экрандалғандықтан жарамсыз болатындығын көбінде көрермен білмейтіні рас.

"Операциялық менеджмент және масштабтау". Медианы басқарудың тиімді құралдарын ұсынған Нұржол Табиғаттың логикалық схемасы ойландыратыны рас. Ол үш кезеңнен тұратын кризистік менедлжментті атап өтті.

"TV Продюсер". Мамандық таңдайтын көп жас әрине, экранды бағындырып, танымал болуды көздейтіні рас. Анна Данченко телевизиядағы жүрізушіден бастап, продюсерлік сатысына дейінгі тәжірибесінен бірнеше қағида ұсынды. Медианың нарығына бейімделу. Іздену. Практикалық дағдылармен достасу.

Идеялар мен болжамдар. Аудиториядан келіп түскен сұрақтар легі көп.

 

Нәтижесінде. Медиа және коммуникация нарығында жас мамандарды кәсіби баулауда менторлық мектеп құрылады.

Әл-Фараби атындағы кітапханасы Журналистика, Медиа. PR тақырыбында кітап, ғылыми басылымдар көрмесін ұйымдастырды.