ЦУР 10. Ізгілікке ұмтылған жүрек

31.05.2023

Просмотров: 449

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті, Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру кафедрасында өткен Студенттер мен жас ғалымдардың «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» атты халықаралық ғылыми конференциясына осы кафедрада оқитын әлемнің әр түкпірінен келген білім алушылар мен бірге өзге де университеттерде оқитын студенттер қатысты. Бұл конференцияның атап өтер өзгешелігі әлемнің түкпір түкпірінен келіп бірнеше ай ғана тіл меңгеріп, сол оқыған аз уақыттың ішінде жергілікті тілде сөйлеумен қатар, қазақша, орысша ғылыми, өз ойын пайымдап, өзектілігін айқындап, мақсаты мен мүддесін нақтылы етіп көрсетіп жазған мақалалар болды. Сонымен қатар мақалаларын оқып, таныстырылым жасаған шетелдік студенттер ұйымдастырушылар алқасын, ұстаздар қауымын риза етті. Осы студенттер арасынан бірінші дәрежелі дипломға ие болған жапондық Эвина Мисакидің «Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы» атты мақаласы конференция қатысушыларының жүрегін тербетті. Қазақ елінің мақтанышына айналған, қазақ елін әлемге танытқан Денис Тен Мисакидің кумирине айналып, қазақ еліне деген қызығушылығын оятады Сочи олимпиадасында алғаш Денис Тенді көріп, оның өнеріне, оның қазақ еліне деген сүйіспеншілігіне тәнті болған Мисаки оның туған елі Қазақстан туралы зерттей бастайды. Қазақ халқының кесте тігу өнерімен танысып, қатты ұнатқан Мисаки Денис Тенге арнап кестелеген тұскиіз тігуге бел байлайды. Үш ай демалыссыз отырып, тұскиізді кестелеп тігеді. Тұскиіздің ортасында Денис Тен, айналасын әртүрлі тілектер мәніндегі оюларды кестелейді, қазақ елінің туы сипаттас ою, күн мен қыран, қазақстанда өсетін қызғалдақ, тіл - көзден сақтасын деп, көз деп аталатын оюларды тігеді. Мисакидің бұд еңбегі жапониядағы мұражайға қойылады. Мұражайдағы тұскиізді көрген қазақ тілшісі Мискимен кездесіп, Дени Тенмен жолығуына мұрындық болады. Қуанышы қойнына симаған Мисаки алдына мақсат қойып, орысша үйреніп, Қазақстанға бірнеше рет келіп, болашақта Денис Тенмен тағы кездесіп, оның арманының орындалуына көмектескісі келеді. Бірақ сұм ажал арманына жеткізбеді... Денис Теннің арқасында Қазақстан деген елді танып, қайта келіп қазақша оқып, қазақ өнерін, мәдениетін, әдет - ғұрпын үйреніп жатқан Мисаки Денис Тен сияқты Қазақ елін әлемге танытқысы келетінін айтты.
Қаншама уақыт алдына мақсат қойып, қазақ тілін үйреніп, қазақша сөйлеп, қобыз үйреніп, қазақтың ұлттық киімін тастамай киіп жүретін осы бір ізгілікке, парасаттылыққа ұмтылған үлкен жүректі, жанға сәуле түсіретін жапон қызына сәттілік тілейміз