ЦУР 6. Наурыз айындағы ұлттық тәрбиелік іс - шаралардың маңызы зор

31.05.2023

Просмотров: 436

Жыл сайын көктемде әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - дың барлық факультеттерінде жастарды рухани - адамгершілік және мәдени - эстетикалық тәрбиелеуге бағытталған көптеген іс - шаралар өткізіледі. Бұл тәрбие іс - шаралары біздің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетімізде оқитын шетелдік студенттермен де өткізіледі. Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру кафедрасында әлемнің әр елдерінен келген студенттер біздің елмен алғаш рет танысады. Сонымен, биылғы оқу жылында біздің кафедрада оқып жүрген Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай, Түркия, Иран, Америка, Филиппин студенттеріне біздің кафедра оқытушылары қазақ және орыс тілдерін үйретіп қана қоймай, тәрбиелік іс - шаралар да жүргізіп отырады.
Наурыз айында маңызды мерекелер болады. Көктемді біз әрқашан "Алғыс айту күні" мерекесімен қарсы аламыз. Биыл 1 - ші наурызда шетелдік студенттер тобының кураторлары мейірімділікке, ризашылыққа арналған жалпыадамзаттық құндылықтардың маңызды мерекесіне орай іс - шаралар өткізді. Студенттерді Қазақстанда осындай мереке бар екені таң қалдырды. Олар осы мерекелік іс - шараға қатыса отырып, көмек көрсетіп, кеңес беріп, көңіл бөліп, жақсы көзқарас үшін бір - біріне және оқытушыларға алғыстарын білдірді.
«8 - наурыз Халықаралық әйелдер күні» мерекесі аясында кураторлар тәрбиелік маңызы бар дөңгелек үстелдер, концерттік іс - шаралар ұйымдастыра отырып, осы мерекенің тарихы және оның қазіргі маңызы туралы мәліметтер берді.
13 наурыздан бастап 18 наурызға дейін әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - да ұлттық тәрбие апталығы өтті. Осы апталықтың аясында өткізілген іс - шаралар шетелдік студенттерге қазақ мәдениеті, салт - дәстүрлері туралы көптеген қызықты мәліметтермен танысып білуге мүмкіндік берді.
14 наурызда "Көрісу" мерекесіне орай шетелдік студенттерге арнайы тәрбиелік іс - шаралар өткізіліп, бұл мерекенің пайда болу тарихы туралы, 14 наурыз қазақтар арасында жаңа жыл басталатын күн болып саналатыны туралы, бұл күні қазақтар дәстүрлі түрде туыстарына қонаққа барып, құшақтасып көрісетіндері туралы, реніштерін кешіріп, кішілеріне батасын беріп, әлсіздерге қамқорлық жасау дәстүрге айналған мереке екені туралы көптеген мәліметтермен таныстырылды.
Көктемгі мерекелер жалғасын тауып, студенттер де, оқытушылар да 19 наурызда университеттің ұйымдастырып отырған үлкен "Наурыз" мерекесін тамашалайды. Сонымен бірге 21, 22 және 23 наурыз аралығында шетелдік студенттер өздерінің кураторларымен Алматыда өтетін түрлі мәдени іс - шараларға қатыса алады.