Мероприятие в рамках 100 книг «Сөз тапқанға қолқа жоқ» в общежитии № 13

Қазақ халқы ежелден дәстүр мен салтты қадірлеп, көненің көзі деп сақтаған. Осынау ғылым мен техниканың дамыған, көп көненің ұмытылған заманында біздің химия және химиялық технология факультетіне қарасты №13 студенттер үйінде қаңтар айының отызыншы жұлдызында кураторлық ОЗХТ-209 тобының ұйымдастыруымен өтті. Жалпы кешке органикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлер химиясы мен технологиясы кафедрасының доценті Ш.Н. Жумагалиева, аға оқытушы Р.С. Иминова және жатақхана студенттері қатысты. Бұл кеш атамыз қазақ сүйіп жасырған жұмбақтарды, екі сөйлем арқылы үлкен ойды жеткізетін мақал-мәтелдерімізді, тұрақты тіркестерімізді бір еске түсіріп, жаңғыртқан кеш болды. Кеш келесі сайыс кезеңдерінен тұрды: 1. Іріктеу кезеңі. 2. Жұмбақ сайысы. 3. Мақалдың жалғасын тап. 4. Тұрақты тіркестің жасырын тұрған мағынасын тап. Іріктеу кезеңінен келесі турға        Тулегенова А., Жақсылық Ж., Рзабай С., Елемесов Е., Бисембай Т. өтті. Қызу өткен сайыстың кезеңдерінен сүрінбей өткен Елемесов Ернар және Бисембай Тілекші ақтық сайысқа жолдама алды. Бұл ақтық сайыста олар көптен ұмытылған, қиын да қиысты тіркесті сөздердің мағыналарын ашты. Сайыстың жалпы нәтижелері бойынша: жүлделі ІІІ орынға Рзабай Сапаркүл, ІІ орынға Елемесов Ернар, І орынға Бисембай Тілекші ие болды.

Дата публикации:  13.03.2015