Новости

Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының 2 курс география мамандығының студенттері "Табиғатты аялайық" тақырыбында ашық куратор сағатын табиғат аясында өткізді

28.04.2019

Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының 2 курс география мамандығының студенттері "Табиғатты аялайық" тақырыбында ашық куратор сағатын табиғат аясында өткізді. Кураторлар доцент Ə.Т. Мылқайдаров, аға оқытушылар О.Ж.Ғабдолла мен Г.Б. Аубакирова студенттерді табиғат аясында экологияны қорғауға шақырып, табиғат қорғау жайлы əңгімелер айтты. Өз кезегінде студенттер табиғат жайлы өлеңдер оқып, əндер шырқады. География мамандығының 2 курс студенттері ВОУД бойынша тесттілеуге де қатысып, табиғатқа да шығып үлгереді!!!

#kaznu #geofac_kaznu #geozemkad_kaznu#кафедрагеографииземлеустройстваикадастра_казну

Подробнее >>

"Жылдың үздік студенті"

27.04.2019

География,жерге орналастыру және кадастр кафедрасының 3-курс Кадастр мамандығының студенті Орынбасар Баитурбай Нұр-Сұлтан қаласының Министрліктер үйінің мәжіліс залында ұйымдастырылған Республикалық конференцияда "Жылдың үздік студенті" төсбелгісімен,"Жас Қыран" атты талантты студенттердің ІІІ кітап жинағына еніп, алғыс xатпен марапатталды. Кафедрамыздың студенті Орынбасар Байтурбайды осындай жетістігімен кафедра атынан құттықтаймыз! Орынбасар Үздік студент төсбелгісімен екінші жыл марапатталып отыр.
www.kaznu.kz

Подробнее >>

Халықаралық конгресінде жүлделі І,ІІІ дәрежелі диплом

26.04.2019

3-курс Кадастр мамандығының студенті Байтурбай Орынбасар, Еуразиялық теxнологиялық университетінің ұйымдастыруымен өткен 6-шы Халықаралық конгресінде жүлделі І,ІІІ дәрежелі дипломдарды иеленіп қайтты. Студентімізді осындай жетістігімен құттықтаймыз!
www.kaznu.kz

Подробнее >>

"Ономастика - Қоғам - Уақыт"

26.04.2019

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Филология және әлем тілдері факультеті, "Жерұйық" ономастикалық өлкетану клубының ұйымдастыруымен өткен VI Халықаралық "Ономастика - Қоғам - Уақыт" атты жас ғалымдардың ғылыми конференциясында кафедрамыздың төрт студенті 2,3 орындарды иеленіп қайтты 
2 - орын: 
3 курс Кадастр мамандығы 
Байтурбай Орынбасар
Турегалиева Жаннат
3-орын:
Жерге орналаластыру 3-курс 
Тұрсын Әсем
География мамандығы 3-курс 
Қамбар Ақниет
Студенттерді жетістіктерімен құттықтаймыз!
www.kaznu.kz

Подробнее >>

«Фараби әлемі» Халықаралық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференциясының «Кадастр» секциясы бойынша студенттердің 38 жұмысы ұсынылды.

25.04.2019

2019 жылғы «Фараби әлемі» Халықаралық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференциясының «Кадастр» секциясы бойынша студенттердің 38 жұмысы ұсынылды.
1 орын
Қырғызбай Қ.Т., Алматы облысындағы Еңбекшіқазақ ауданының ауылшаруашылық алқаптарын агроландшафттық тұрғыдан кадастрлық бағалау. Ғылыми жетекші: б.ғ.д. профессор, Мамутов Ж.У., Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
2 орын
Рахметолла А.Қ., Панфилов ауданының ауыл шаруашылық алқаптарына қашықтықтан зондтау әдісі арқылы мониторинг жүргізу. Ғылыми жетекші: аға оқытушы Қожахметов Б.Т., Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Байтурбай О., Қазақстан Республикасында жайылым жерлерді пайдалану мәселелері. Ғылыми жетекші: г.ғ.к., доцент Сағымбай Ө.Ж., Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
3 орын
Турегалиева Ж.., Батыс Қазақстан облысындағы жер пайдалану мәселелері. Ғылыми жетекші: к.г.н., доцент Қалиасқарова З.Қ., Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Шәріп Т., Шымкент қаласының Республикалық маңызы бар қала болғалы жер бағасының өзгеруі. Ғылыми жетекші: аға оқытушы Қожахметов Б.Т., Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Тастанбек А.А., Қазақстан Республикасы және шетелдерде жер мониторингін жүргізу ерекшеліктері. Ғылыми жетекші: г.ғ.к., доцент Сағымбай Ө.Ж., Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Жас ғалымдардың ғылым мен білім жолында толағай табыстар мен жетелі жетістіктер тілейміз!

Подробнее >>

“Smart Students Project”

25.04.2019

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің "Сұңқар" студенттер мен магистранттар кәсіподағының ұйымдастыруымен өткен “Smart Students Project” жобасының финалы өтті! Аталған жобада өз кезегінде География және табиғатты пайдалану факультетінің "ЭВЕРЕСТ" командасы көңілді әзілдерімен ұтымды ойын көрсетіп, көрермендерінің көзайымына айналып, 2-орынды иеленді! Командада География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының студенттері бой көрсетті. Атап айтсақ: 1) Жақсылық Дәулетхан (1 курс магистранты), 2) Шыңдалы Шәкірат (3 курс студенті "География"), 3) Болатханұлы Ақжол (1 курс студенті "Кадастр"); 4) Қалдыбек Айша (1 курс студенті "Жерге орналастыру"). Жарайсыздар! Біздер үшін сіздер ЧЕМПИОНсыздар!!! Жастарға қолдау көрсеткен факультетіміздің декан орынбасары Санат Саяxметович мырзаға үлкен алғыс!

Подробнее >>

«ФАРАБИ ӘЛЕМІ»

25.04.2019

2019 жылы 8 сәуір «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» VI Халықаралық студенттер және жас ғалымдардың ғылыми конференциясы аясында география, жерге орналастрыру және кадастр кафедрасында «География», «Жерге орналастыру» және «Кадастр» бағыттары бойынша секциялық отырыстары болды. Конференция барысында «География» секциясында 32 баяндама, ұсынылды. VI Халықаралық студенттер және жас ғалымдардың ғылыми конференциясында ҚазҰУ студенттерінен басқа Париж-7 Дидро университінен (Париж, Франция) 2 магистрант Артур Гозлан-Дантони және Марго Эскафит және Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарынан студенттер қатысты.
«ФАРАБИ ӘЛЕМІ» Халықаралық студенттер және жас ғалымдардың ғылыми конференциясының «География» секциясы бойынша конурстық комиссиясы студенттердің жұмысымен танысып және баяндамаларын тыңдап, келесі студенттерді марапаттауға шешім қабылдады:

1 орын 
Байсалбекова М.А., Экономический аспект приграничного сотрудничества России и Казахстана. Ғылыми жетекішсі: г.ғ.д., профессор Нүсіпова Г.Н. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ.

2 орын
Ануарбекова А.А., Халықтың өмір сүру сапасын анықтаудағы теориялық және әдістемелік негіздер. Ғылыми жетекші: аға оқутышы Кенеспаева Л.Б. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Жакупова А.С., Реализация концепции «зелёной» экономики на казахстанском участке нового экономического пояса Шелкового пути. Ғылыми жетекішсі: г.ғ.д., профессор Надыров Ш.М. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

3 орын
Өмірқұл Қ.Н., Түркістан облысында мақта-тоқыма кластерін дамыту мәселелері. Ғылыми жетекші: г.ғ.к., доцент Акашова А.С. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Жұмәділ Ж.Н., Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс аймағында өсетін сиверс алмасын (MALUS SIEVERSI) қорғау мәселелері. Ғылыми жетекші: г.ғ.к., доцент Сағымбай Ө. Ж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Барабанов Р. А., Транзитно – ориентированное развитие городов. Анализ мирового опыта. Ғылыми жетекші: Гармаш О.В. Қазақстан-Неміс университеті.

8 апреля 2019 года в рамках V Международных Фарабиевских прошла ежегодная международная научная конференция студентов и молодых ученых чтений «ФАРАБИ ӘЛЕМІ». На кафедре географии, землеустройства и кадастра прошли секционные заседания по направлениям «География», «Землеустройство» и «Кадастр». В рамках конференции по направлению «География» были поданы 32 доклада. Кроме студентов КазНУ им.аль-Фараби в работе студенческой конференции участвовали магистранты с университета Париж-7 Дидро (Париж, Франция) Артур Гозлан-Дантони и Марго Эскафит и студенты с других ВУЗов Казахстана.
Конкурсная комиссия международной научной конференции студентов и молодых ученых «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» по секции «География», выслушав и рассмотрев доклады студентов, решила представить к награждению следующих студентов:

1 место
Байсалбекова М.А., Экономический аспект приграничного сотрудничества России и Казахстана. Научный руководитель: д.г.н., профессор Нюсупова Г.Н. КазНУ им. аль-Фараби.
2 место
Ануарбекова А.А., Халықтың өмір сүру сапасын анықтаудағы теориялық және әдістемелік негіздер. Научный руководитель: старший преподавтель Кенеспаева Л.Б. КазНУ им. аль-Фараби. 
Жакупова А.С., Реализация концепции «зелёной» экономики на казахстанском участке нового экономического пояса Шелкового пути. Научный руководитель: д.г.н., профессор Надыров Ш.М. КазНУ им. аль-Фараби

3 место
Өмірқұл Қ.Н., Түркістан облысында мақта-тоқыма кластерін дамыту мәселелері. Научный руководитель: к.г.н., доцент Акашова А.С. КазНУ им. аль-Фараби
Жұмәділ Ж.Н., Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс аймағында өсетін сиверс алмасын (MALUS SIEVERSI) қорғау мәселелері. Научный руководитель: к.г.н., доцент Сағымбай Ө. Ж. КазНУ им. аль-Фараби 
Барабанов Р. А., Транзитно – ориентированное развитие городов. Анализ мирового опыта. Научный руководитель: Гармаш О.В. Казахстанско-немецкий университет.

#кафедрагеографииземлеустройстваикадастра_казну#молодежка_казну #қазұу_жастары #казну_геофак

Подробнее >>

КазНУ им.аль-Фараби

25.04.2019

На заседании ректората КазНУ им.аль-Фараби был заслушан отчет о стажировке 26 магистрантов в университете Оксфорда. Своими впечатлениями поделилась магистрантка кафедры географии, землеустройства и кадастра Калиева Дамира #geozemcad#geofac_kaznu #kaznu

Подробнее >>