Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының 2 курс география мамандығының студенттері "Табиғатты аялайық" тақырыбында ашық куратор сағатын табиғат аясында өткізді

28.04.2019

Просмотров: 3107

Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының 2 курс география мамандығының студенттері "Табиғатты аялайық" тақырыбында ашық куратор сағатын табиғат аясында өткізді. Кураторлар доцент Ə.Т. Мылқайдаров, аға оқытушылар О.Ж.Ғабдолла мен Г.Б. Аубакирова студенттерді табиғат аясында экологияны қорғауға шақырып, табиғат қорғау жайлы əңгімелер айтты. Өз кезегінде студенттер табиғат жайлы өлеңдер оқып, əндер шырқады. География мамандығының 2 курс студенттері ВОУД бойынша тесттілеуге де қатысып, табиғатқа да шығып үлгереді!!!

#kaznu #geofac_kaznu #geozemkad_kaznu#кафедрагеографииземлеустройстваикадастра_казну