«Үлкен арман керек екен АДАМҒА!..»

Наурыз айының 17 –ші жұлдызы күні, сағат 19.00 де, әл-Фараба атындағы ҚазҰУ қалашығы, №9 жатақхананың акт залында «ҚазҰУ студенті оқуға тиісті 100 кітап» аясында «Үлкен арман керек екен АДАМҒА!..» атты М.Шахановтың шығармашылығына арналған кеш өткізілді. Кешке жатақхана студенттері қатысып, ақынның қайсар, жігер берер жырларымен сусындады. Өздері білетін ақын өлеңдерінен жыр шумақтарын оқыды. ӘР қазақтың баласы өлеңдерін оқып, қайраттанып, қанаттанып жігерленіп күш-қуат алар М.Шахановтың кеші осылай қорытындыланды.

Дата публикации:  19.05.2017