Спартакиада для 70-летию Великой Победы "Быстрее, выше и сильнее!" ("Жылдам, биік әрі күшті !")

Сенбі күні, яғни  25.04.2015ж. сағат 10.00-14.00 аралығында №8 жатақхана маңындағы спорт алаңдарында «Механика» кафедрасының ұйымдастыруымен  Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Жылдам, биік әрі күшті!» («Быстрее, сильнее, выше!») деп аталған спорттық іс-шара өткізілді.

Спорттық жарысқа  №8 жатақхана студенттері, механика мамандығы бойынша оқитын (барлығы  жүзден аса) студенттер, механика кафедрасының меңгерушісі профессор Қалтаев А. және кафедра эдвайзерлері (Ералиев А.К., Ракишева З.Б., Туралина Д.Е., Бекбауов Б., Тунгатарова М.С., Алибаева Қ., және т. б.) қатысты. Спорттың  сегіз түрінен (футбол, волейбол, теннис, тоғызқұмалақ, шахмат, арқан тартыс, асық, бес тас)  студенттер арасында жарыс өтті. Жарысқа футболдан 8 команда, волейболдан  4 команда , тенниске 20 студент, шахматқа 16 студент, тоғызқұмалаққа 4студент, арқан тартысқа  4 команда, асыққа 15 студент, бес тасқа 12 студент қатысты.

Студенттер Жастар алаңын шарлармен, «Спорт –денсаулық кепілі!», «Жылдам, биік әрі күшті!», «Біз салауатты өмір салтын қалаймыз!» деген үндеулер жазылған плакаттарымен безендірді.

Футболдан - механика мамандығы бойынша оқитын 2-курс студенттерінің «Даламбер» командасы (Байменов Шералы - команда капитаны, Құрмансейіт Мақсат, Кеңесбаев Тимур, Муратбеков Нұрсұлтан, Досым Азамат, Садықов Нұрбол), волейболдан механика мамандығының 3 курс студенттерінің құрама командасы (Команда капитаны- Әбу Бекдаулет), теннистен – ҒТТ мамандығы бойынша оқитын 1-курс магистранты  Құрманбеков Алимжан, шахматтан- механика мамандығы бойынша оқитын 3-курс студенті  Досеке Олжас, арқан тартысудан механика мамандығы бойынша оқитын 2-курс студенттерінің командасы (Шаяхметов Нұрлан, Байменов Шералы, Темешов Айдарбек, Есімхан Шалқар, Пірімбетов Несіпбек, Құрмансейіт Мақсат), тоғызқұмалақтан- механика мамандығы бойынша оқитын 3-курс студенті Камаладин Гүлдана, асықтан механика мамандығының 3 курс студенті Мәкен Айбек, бес тастан механика мамандығы 3 курс студенті Қуан Мақпал жеңімпаздар атанды. Жеңімпаздарға торт, флэшка таратылды. Студенттер өз лебіздерін білдірді.

 

 

Дата публикации:  15.05.2015