Республиканский конкурс философских эссе "Философия в моей жизни"

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Философия кафедрасының Кіші Фараби академиясы IV Халықаралық Фараби Оқуларының және IV Фараби Форум аясында "Философия менің өмірімде" республикалық эссе байқауының қорытынды жиынын өткізді.Биылғы байқауға еліміздің студенттері белсене қатысты. Әсіресе ҚазГЗУ, ҚарМУ, ҚазМемҚызПУ, ҚазҰҚК Шекара Академиясы, Атырау мемлекеттік университеті және ҚазҰУ студенттерінің философияға қызығушылығын ерекше атап өткен жөн. Ақтық мәреге жеткен студенттер Спатай Назерке, Уахит Бақтоты, Мырзағұлов Рамазан, Бесімбаева Әсел, Сейдалиева Мәдина, Мырзазия Ақбаян, Аманова Айғаным, Рахметова Арай және Орынбайұлы Ақжанның эсселерін жоғары бағалаған қазылар алқасы оларды сертификаттармен және ең құнды сыйлықтармен - кітаптармен марапаттады. Жиынға қатысқан америкалық Огайо университетінің профессоры Джеймс Петрик студенттердің білімдеріне таңғалып, ризашылығын білдірді. Студенттер мен олардың жетекшілеріне рахметімізді айта отырып, оларды келесі жылы да күтетінімізді жеткізгіміз келеді!

 

Дата публикации:  12.05.2017