“English Club of Song Lovers”

24 қыркүйек, 2020 жылы ағылшын әнін тыңдауды ұнататын әуесқойлар клубы мүшелерінің бірінші кездесуі ZOOM платформасында өтті. Іс-шараны клуб жетекшісі, шет тілдер кафедрасының аға оқытушысы Мусанова Г.А. ұйымдастырды. Клубтың қатысушылары заң факультетінің (103, 104 топтар), 6В04205- «Құқықтану» мамандығы, қазақ бөлімінде оқитын 1 курс студенттері болды. Клуб мүшелері Imagine Dragons «Believer» әнін шырқады. Студенттер автор туралы айтты, әннің мазмұнын талқылап, әннің мәтініне грамматикалық талдау жасады. Студенттер бұл іс-шараға қуанышпен қатысты, вебинар соңында олар әнді шырқады. Іс-шара жылы және достық атмосферада өтті. Іс-шараға жалпы саны 20 студент қатысты. Ағылшын әнін тыңауды ұнататын әуесқойлар клубы ағылшын тілінде сөйлеу дағдысын және ағылшын грамматикасы бойынша білімдерін жетілдіруге тырысатын студенттерді біріктіреді. Клубқа мүшелік тегін.

Дата публикации:  01.10.2020