Ассамблея провела форум по цифровому Казахстану

  • Ассамблея Цифрлы Қазақстанға арнап форум өткізді

     

Алматы қаласы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен, қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің дамуына арналған «Q trend» жобасы аясында, «Журналистика және сандық Қазақстан» форумы өтті.

Форум аясында Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында цифрлық журналистиканың мүмкіндіктері талқыланады және iOS пен Android платформаларында шығатын «Zharasym magazine» (цифрлық электронды журнал) мобильді қолданбаның тұсаукесері өтті.

Форумды модератор «Қазақстанның ұйғыр жастары одағы» РҚБ төрағасы – Кайрыев Рустам Абдусаламович жүргізді.

Іс-шара аясында Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – Мамсуров Казбек Владимирович, Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ директоры - Мұрынова Жаннат Шарапханқызы және Алматы қаласындағы Достық үйінің директоры Шаймұханбетова Жанна Какибайқызы құттықтау сөздерімен ашып, елімізге цифрлы дәуірдің пайдасымен бөлісті .

Келесі кезекте Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық журналистика және коммуникация жөніндегі ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі –Шыңғысова Назгүл Тұрсынбайқызы, саясаттанушы, Алматы қаласы «Жаңғыру жолы» өңірлік жастар қозғалысының төрағасы – Кураев Ислам Бахтияр-Оглы және ҚР сандық технологияларды дамыту тақырыбында КНПК партиялық ұйымдастыру секторының жетекшісі - Әуелбеков Абзал Сейілханұлы сөз сөйледі. 

Іс-шараның соңында ұйымдастырушылар атап өткендей, барлық қолданушыларға ақысыз қол жетімді және жас журналистер үшін ақпараттық платформа бола алатын «Zharasym magazine» мобильді қосымшасының таныстырылымы өтті. Қоғамға пайдалы жиыннан көпшіліктің  түйер ойы мол болғаны анық