Клуб "Зангер"

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Заң факультеті

Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 80-жылдық мерейтойына арналған «ҚазҰУ-нің №18 Студенттер үйінде өткізілген «Тазалық-денсаулық кепілі» атты тазалық акциясының

ЕСЕБІ

Алматы, 2014

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 80-жылдық мерейтойына арналған «ҚазҰУ-нің №18 Студенттер үйінде өткізілген «Тазалық-денсаулық кепілі» атты тазалық акциясының

ЕСЕБІ

Шараның атауы: «Тазалық-денсаулық кепілі» атты тазалық акциясы

Өткізу уақыты: 14 сәуір 2014 жыл, сағат 16:00.

Өткізу орны: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің №18 Студенттер үйі

Деңгейі: Факультет деңгейінде

Шараның ұйымдастырушылары: әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының оқытушысы Арын А.А.

Қатысушылар: әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының оқытушылары және №18 Студенттер үйінде тұратын студенттер.

Шараның мақсаты: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің №18 Студенттер үйіндегі студенттердің жататын бөлмелерін тазалау, студенттерді салауатты өмір салтына шақыру.

Шараның қысқаша мазмұны: 5 сәуір 2014 жылы сағат 19:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының оқытушысы А.А.Арынның ұйымдастыруымен, №18 Студенттер үйінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 80-жылдық мерейтойына арналған «ҚазҰУ-нің №18 Студенттер үйінде өткізілген «Тазалық-денсаулық кепілі» атты тазалық акциясы өткізілді. Аталған тазалық акциясына әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының оқытушылары және №18 Студенттер үйінде тұрып жатқан студенттердің барлығы қатысты. Акция барысында студенттер өздерінің тұрып жатқан бөлмелерін тазалап, қоқыстарды шығарып, барлығын салауатты өмір салтына шақырды.

Фотоқұжаттар: есепке тіркелген

Қылмыстық құқық, қылмыстық

іс жүргізу және криминалистика

кафедрасының меңгерушісі Р.Е. Джансараева

Бекітемін

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Заң факультетінің деканы

Д.Л. Байдельдинов ______________

2014 жылғы ____________

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, заң факультетінің қылмыстық құқық,

қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кфедрасының «Заңгер» ғылыми студенттік клубының

ЕРЕЖЕСІ

I Жалпы ережелер

1.1.Ғылыми-студенттік клуб студенттердің, магистранттардың ғылыми-кәсіби қызығушылықтарын біріктіретін ерікті қоғамдық ұйым.

1.2.Клуб – бірге жұмыс жасауға, бірге үйренуге жиналатын, бірдей қызығушылықтары бар тұлғалардан тұратын топ.

1.3.Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кфедрасының «Заңгер» клубы өзінің қызметін кафедраның құрлымдық бөлімшесі ретінде құрылады және жүзеге асырады. «Заңгер» клубы құрылған сәттен бастап кафедраның құрылымдық бөлімшесі болып танылады және оған жауапты.

1.4.Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының «Заңгер» клубы өзінің қызметін осы Ережені басшылыққа ала отырып қызмет атқарады, Клубтың ережелері, осы Ережелермен көзделген құқықтар мен міндеттер шегінен шықпайды.

1.5.Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының «Заңгер» клубы кафедра деңгейінде ұйымдастырылады. Әр клуб мәжілісінде хаттама толтырылып, клубтың ғылыми жетекшісімен қол қойылып отырылады. Хаттама мәжіліс өткеннен кейін, екі күнтізбелік жыл ішінде міндетті түрде сақталуы қажет. Мәжіліс хаттамасының көшірмесі клуб жұмысының ұйымдастырылуының сапасын бағалайды.

1.6.Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының «Заңгер» клубы өзінің рәміздерін иеленуге құқығы бар. Клубтың рәмізін әзірлеу және қабылдау клуб мүшелерінің өздері анықтай алады. Клуб өздерінің рәміздерін рәсімдеуде ҚазҰУ басқа да клубтарының рәміздерін пайдалануға құқылы емес.

II. Мақсаттары мен міндеттері

2.1 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының «Заңгер» клубының негізгі мақсаттары:

- студенттерді және магистранттарды ғылыми-зерттеушілік және ғылыми-ұйымдастырушылық қызметке кеңінен тарту;

- студенттердің бос уақытын тиімді өткізу;

- студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылықтарын арттыру;

- студенттердің шығармашылық қабілетін арттыруға жағдай жасау және жүзеге асыру болып табылады;

- Клуб базасының негізінде дипломдық және курстық жобалауды жүзеге асыру;

- Клуб базасының негізінде оқу және ғылыми үдерістердің бірлігін қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

- студенттерді мақсатты түрде ғылымға бейімдеу.

2.2. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының «Заңгер» клубының міндеттері:

- «Заңгер» клубының факультет деканымен бекітілген Ережесі болуы.

- «Заңгер» клубының кафедра меңгерушісімен бекітілген Жоспары болуы.

- «Заңгер» клубының жетекшісі кафедрада жұмыс істейтін оқытушы болуы.

- «Заңгер» клубының тәрбие жұмысын басқарудың автоматтандырылған жүйесіне тіркелуі.

- «Заңгер» клубының кем дегенде айына бір рет кафедра деңгейінде іс-шара өткізуі және өткізілген іс шараның жылдық есебі болуы.

- «Заңгер» клубының жетекшісі студенттермен тығыз байланыста жұмыс жасап іс шаралар ұйымдастыруы міндетті.

III Құқықтары

Қатысушылар:

  1. Клубтар мен үйірмелерге университеттің кез келген студенті қатысуға.
  2. Университеттің ұйымдастыру жұмыстарының жақсаруына бағытталған ұсыныстар жасауға.
  3. Университеттің ғылыми-зерттеу жұмыстарын талқылауға және ұсыныстар жасауға.
  4. Универсиеттің материалдық техникалық базасын, ғылыми кітапхана қорын, мүліктері мен құрал жабдықтарын қолдануға құқылы.
  5. Студенттер ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелерін әр түрлі нысандарда жүзеге асыруға құқылы.

«Заңгер» клубының жарты жылдық есебі:

24 наурыз 2014 жыл «Заңгер» клубының жарты жылдық есебін клуб төрағасы: з.ғ.к., доцент Жетібаев Н.С. баяндады. Біздің ғылыми клубымыз жартыжылдың ішінде төмендегідей іс-шараларды атқарды. Клубтың ұйымдастырушылық мәжілісі. Клуб төрайымын және хатшысын сайлау.. «Қылмыстылықпен күресудегі заңнаманы жетілдіруі тақырыбындағы студенттік клуб отырысы өткізілді.4 қазан 2013 жылы 101, 103, 104 топтың студенттері және “Заңгер” клубының мүшелері “Өзге тілдің бәрін біл өз тіліңді құрметте” тілдер апталығының аясында пікірталас және мәдени шара өткізілді. «Қылмыстық құқықтың, қылмыстық іс жүргізудің және криминалистиканың өзекті мәселлері» тақырыбында республикалық ғылыми-студенттік конференция ұйымдастыруға атсалысты. «Қазіргі кезеңдегі қылмыстық саясатты ізгілендіру және либерализациялау» тақырыбында студенттік клуб отырысы өтті. «Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығымен күресудің теориялы-қолданбалы мәселелері» тақырыбында студенттік клуб отырысы өткізілді. 1 қараша 2013 жылы университет қабырғасында өткізілген «Қылмыстық құқықтың, қылмыстық іс жүргізудің және криминалистиканың өзекті мәселелері» тақырыбында өткізілген республикалық студенттік конференцияда «Заңгер» клубының атынан қатысқан «Кеден ісі» мамандығының 3 курс студенті Жарылқасынова Меруерт Жарылқасынқызы 2 дәрежелі дипломмен марапатталды.

Желтоқсан айында «Жазаны тағайындаудың және атқарудың теориясы мен тәжірибесі» тақырыбына арналған студенттік клуб отырысы өткізілді.Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне арналған конференция қатысушыларын дайындауға атсалыстық. 12 ақпан 2014 жылы сағат 10.00-де 410 аудиторияда Алматы қалалық, Медеу аудандық ІІД, Тергеу бөлімінің бастығы Утебаев Дәурен Омарбекұлының қатысуымен «ҚазҰУ-заңгер кадрларының алтын ұясы» тақырыбында қазақ бөлімі 2 курс студенттерінің қатысуымен «Дөңгелек үстел» өтті. Дөңгелек үстелдің ашылу салтанатында, осы Дөңгелек үстелді жүргізуші, заң факультетінің 2 курс студенті Абуқожа Досымхан барлық қатысушыларды таныстырып өтіп, бүгінгі осы отырыс, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің 80 жылдығына орайластырылып өткізіліп отырғандығын айтып кетті. Бүгінгі дөңгелек үстелдің тақырыбы: «ҚазҰУ-заңгер кадрларының алтын ұясы» тақырыбында өткізіліп жатқандығын айтты. 2 курс қазақ бөлімінің студенттері, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, заң факультетінің ұзақ жылғы тарихы бар екендігін, оны елімізге қазіргі кезде белгілі азаматтар бітіріп шыққандығын айтып өтті. Атап айтқанда, ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мәми, ҚР Конститутциялық Кеңесінің Төрағасы Игорь Рогов, ҚР Конституциялық Кеңесінің Аппаратының жетекшісі Ә. Темірбеков және т.б. елімізге танымал тұлғалардың тәмамдағанын айтып кетті. Келесі кезекте сөз қонағымыз Алматы қалалық, Медеу аудандық ІІД, Тергеу бөлімінің бастығы Утебаев Дәурен Омарбекұлына берілді. Аталған лауазымды тұлға өзінің осы оқу орнын 2003 жылы тәмамдап шыққандығын және де осы қара шаңырақта білім алып толыққанды заңгер болғандығын мақтан тұтандығын айтып кетті. Сондай ақ ол өзінің осы уақыт аралығында қатардағы тергеушіден, тергеу бөлімінің бастығы лауазымына дейін көтерілгендігін айтты. Өзінің жұмысының ауыр да, қызықты екнідігін айтып кетті. Сонымен қатар, ол заң факультетінің студенттері тарапынан қойылған сұрақтарға тұщымды жауап берді. Студенттер Алматы қалалық, Медеу аудандық ІІД, Тергеу бөлімінің бастығы Утебаев Дәурен Омарбекұлымен өткізілген дөңгелек үстелден үлкен әсер алып, өздерінің де келешекте тергеу саласында қызмет атқарғысы келетіндіктерін айтып өтті. Қорытынды сөз кафедра меңгерушісі, з.ғ.д., профессор Джансараева Р.Е., мен «Заңгер» клубының төрағасы, з.ғ.к., доцент Жетібаев Н.С. берілді. Кафедра меңгерушісі: Құрметті «Заңгер» клубының мүшелері және төрағасы бүгінгі өткізіп жатқан дөңгелек үстелдеріңіз аса жоғары деңгейде өтті және қымбат уақытын қиып келіп отырған қонағымызға үлкен алғыс айтамыз. Сіздердің клубтарыңыз, бұдан да жоғары деңгейде көптеген отырыстарды өткізіп одан әрі де өркедей берсін. «Заңгер» клубының төрағасы: Қымбатты Дәурен Омарбекұлы бүгін біздің дөңгелек үстелімізге келіп, студенттермен өткізген кездесуіңізге біз рахмет айтамыз, бізідің арамыздағы ынтымақтастық бұдан әрі тоқтап қалмай одан ары да жалғаса береді деген үміттеміз. Кафедра меңгерушісі: З.ғ.д., профессор Джансараева Р.Е. «Заңгер» клубының төрағасына сұрақтарыңыз бар ма? Сұрақтарыңыз жоқ болса «Заңгер» клубының есебі бірауыздан қабылдансын.