Онлайн конференция

17.03.2016

Просмотров: 4515

24 ақпан 2016 ж. сағат 13.00-14.00. аралығында Иран Ислам Республикасының Шахид Бехешти университеті мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультеті, Таяу Шығыс пен Оңтүстік Азия кафедрасының ирантану бөлімі бірігіп «Екі университет арасындағы қос дипломдық бағдарламаны іске асыру жолдары» тақырыбы бойынша on-line конференциясын өткізді.

Конференция барысында екі университеттің қос дипломдық бағдарламаны іске асыру бойынша мүмкіншіліктері мен оны іске асыру жолдары туралы ұсыныстарын талқыға салды.

Конференцияға қатысушылар қос дипломдық бағдарлама бойынша көкейтесті мәселелерді (қос диплом бағдарламасы бойынша білім алатын магистранттардың шәкіртақысы, жатын орны, жол шығындары, оқу бағдарламасын реттеу) талқылап, ортақ мәмілеге келді.