МИНИ ФУТБОЛ «СҰҢҚАРМЕН»

15.02.2010

Просмотров: 1881

МИНИ ФУТБОЛ «СҰҢҚАРМЕН»

«Сұңқар» Студенттер кәсіптікодағы

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетнің «СҰҢҚАР» Студенттер кәсіптік одағының ұйымдастыруымен ақпан айының 13 жұлдызында ҚазҰУ-дың спорт комплексінде мини футбол өтеді. Әрқашанда ерекшелігімен көзге түсіп, белсенділігі талмаған «Сұңқар» студенттер кәсіподағының белсенді мүшелері осы жолыда мини футболды өте жоғары деңгейде өткізуді алға мақсат етіп отыр.

«Бірінші байлық-денсаулық», «Денсаулық- зор байлық», «Дені саудың- жаны сау» демекші, әр уақытта денсаулықтың алғашқы орында екендігі бәрімізге айдан анық. Әрине, ол үшін жарқын көңіл-күйімізбен, ынтамызбен спортпен шұғылдануымыз керекпіз.

«Сұңқар» кәсіподағы мини футболды өткізуде келесідей мақсатты алға тұтып отыр:

  • Студенттердің студенттік өмірін өткізудегі қызықты сәттердің мол болуына септігін тигізу;
  • Студенттердің арасындағы корпоротивтік рухты көтеру;
  • Студенттердің белсенділіктерін байқау және т.б.

Мини футбол ақпан айының 13-і күні сағат 09.00-де спорт комплексте басталады. Жарысқа әр факультеттен 1 командадан 14 команда және де дайындық факультетінен 1 команда қатысады. Жарыс ең алдымен, командалар тіркелуден басталып, ойын барысымен жалғасын тауып, салтанатты марапаттау рәсімімен аяғын таппақ. Бірінші орын иегері атанған командаға арнайы «Сұңқардың» кубогі берілмек. Қалған командалар міндетті түрде арнайы сыйлықтармен марапатталады.

Жауапты хатшы:

А.М. Қарақожаева.

Жұм.тел.: 3773343 1358

Ұялы тел.:87022444014