«Игі істің бастауы- ізгілік пен жақсылық» атты қайырымдылық кеш

01.02.2010

Просмотров: 2059

«Игі істің бастауы- ізгілік пен жақсылық» атты қайырымдылық кеш

02.02.2010 ж. «Сұңқар» Студенттер кәсіптікодағы

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың белсенді ұйымдарының бірі «Сұңқар» студенттер кәсіптік одағының ұйымдастыруымен Алматы облысы Қаскелең қалашығында орналасқан №2 қыздарға арналған Кәусар корпаративті қорының интернатында «Игі істің бастауы- ізгілік пен жақсылық»атты қайырымдылық кеші өткізіледі. Кеш сағат 19.00-де басталады.

Алматы облысы Қаскелең қалашығында орналасқан №2 қыздарға арналған Кәусар корпаративті қорының интернатында 99 қазақтың ибалы да инабатты қыздары тәрбиеленіп жатыр. Бұл интернаттың басты мақсаттарының бірі- қыздарды имандылық пен рақымдылыққа баулу. Интернат қыздары аталған қалашықтағы мектептерде білім алып, ой-өрістерін кеңейтіп, сауаттарын ашуда.

«Сұңқар» студенттер кәсіптік одағының ұйымдастыруымен өтетін бұл кеш семинар- тренингпен басталып, әр түрлі қызықты ойын-сауықтармен жалғасын табады. Сондай-ақ, аталған ұйым өздері ұйымдастыруымен сыйлықтарды тарту етеді. Қаңтар айында атап өтілген 9 туған күн иелерінде құттықтаусыз қалдырмайды. Алғаш мектеп табылдырығын аттаған Жотаева Венераны және биылғы 11-сыныпта оқитын жас түлектерді де шын жүректен құттықтамашы.

Бұл игі істің басты мақсаты- болашаққа бағыт беру, интернатта тәрбиеленіп жатқан қыздарды еліміздегі ең беделді университеттердің бірі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарихымен таныстыру.

Жауапты хатшы:

А.М. Қарақожаева.

Жұм.тел.: 3773343 1358

Ұялы тел.:87022444014