«Арайлы алтын күз» атты күзгі балл

10.09.2009

Просмотров: 14179

№4 жатақханада 09.11.09 жылы «Арайлы алтын күз» атты күзгі балл өткізілген болатын негізгі аталмыш мерекелік іс-шара концерттік бағдарламаларды қамтыған сайыс түрінде өткізілді. Сайысқа әр елдің өкілдері ретінде 4 жұп қатысты. Олар Өзбекстан, Үндістан, Корея және Испан елдерінің өкілдері болып сайысқа түсті. Сайыс бағдарламасы 6 бөлімнен құралды:

  • өзін-өзі таныстыру (сол елдің салтына сәйкес);
  • аспаздық сайыс;
  • өз өнерін көрсету;
  • ойын. Ситуациялық жағдай «Сіз не істер едіңіз?!»;
  • «Күзгі сән үлгілері - 2009» және «Икебана» өнері;
  • Қорытынды сайыс. Күзгі вальс.

Жоғарыда айтылған турлар бойынша әр жұп жоғарғы деңгейде өнерлерін көрсетті. Әділ-қазылар алқасы ортақ шешімге келіп, күзгі балдың ханзадасы мен ханшайымы етіп Испан елін таныстырған Жалниязов Досхан мен Ахметбекова Гүлденді марапаттады. Алайда сайыс қортындысы бойынша қалыс қалған жұп болған жоқ. Әрқайсысының көрсеткен өнерінің артықшылықтарына қарай номинациялар бекітілді, атап айтатын болсақ, «Ең жарасымды жұп», «Ең әдемі күзгі сән үлгісі», «Ең өнерлі жұп» және «Ең әсерлі күзгі вальс» номинациялары бойынша барлық сайыскерлер марапатталды. Қатысқан жұптарға тиісінше бағалы сыйлықтар мен мақтау қағаздары табысталды.

Сайыс көрермендер тарапынан да, келген қонақтар тарапынан да жоғары дәрежеде бағаланды. Жалпы қорыта айтқанда, күзгі бал мерекесі өте жоғары дәрежеде аталып өтілді.

№4 жатақхана студенттері кеңесінің төрайымы Нурбаева Арай