Алматы қаласы студенттік тәртіп сақтау жасақтарының бірінші слеті.

26.11.2009

Просмотров: 2058

25 қараша күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті механика-математика факультетінің акт залында Алматы қалалық Ішкі Істер Департаменті, Қоғамдық тәртіпті сақтауға ықпал ететін Алматы қалалық бірлестігі, Алматы қалалық әкімдігінің жастар ісі жөніндегі басқармасы мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұйымдастыруымен Алматы қаласы студенттік тәртіп сақтау жасақтарының І слеті болып өтті.

Слетқа әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Тіл және тәрбие жүмысы жөніндегі проректоры Ш.Е. Жаманбалаева, Қоғамдық тәртіпті сақтауға ықпал ететін Алматы қалалық бірлестігінің төрағасы Д.Ю. Сон, Алматы қаласы Ішкі Істер департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқарма бастығы, полиция полковнигі Н.С. Алмасбеков, Алматы қалалық әкімдігінің жастар ісі жөніндегі басқарма бастығы Н.Б. Баймұханов, Ауезов ауданы Нұр Отан ХДП төрағасы А.А. Жорабаев, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тәртіп сақтау жасағының жетекшісі Ж.Б. Есенбек, Алматы қаласы бойынша тәртіп сақтау жасақтарының жетекшілері, Учаскелік полиция пунктінің өкілдері, студенттер және БАҚ өкілдері қатысты.

Слеттың күн тәртібінде Алматы қаласы тәртіп сақтау жасақтарының 2009 жыл бойынша 10 айлық есебі, тәртіп сақтау жасақтарының мәселері, ең үздік тәртіп сақтау жасағы мен олардың қызметкерлерін марапаттау қаралды.

Аламаты қалалық әкімдігінің жастар ісі жөніндегі басқарма бастығы Н.Б. Баймұханов студент жастарды тәртіп сақтау жасақтарының қатарын көбейтуге атсалысуға шақырса, Ауезов ауданы Нұр Отан ХДП-ң төрағасы А.А. Жорабаев студент жастардың бойында патриоттық сезім болу керектіне тоқталды. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тәртіп сақтау жасағының жетекшісі Ж.Б. Есенбек ҚазҰУ-дағы студент жастарды қоғамдық тәртіпті сақтауға жұмылдырудың қазіргі жағдайы жөнінде баяндама жасады. Алматы қаласы Ішкі Істер департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқарма бастығы, полиция полковнигі Н.С. Алмасбеков осы жылы студенттер тәртіп сақтау жасақтарының атсалысуымен қала бойынша 35 қылмыстық оқиғаның ашылғанын және алдағы уақытта тәртіп сақтау жасақтарының санын арттыру керектін атап өтті.

Слеттың соңында Алматы қаласы Ішкі Істер департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқарма бастығы, полиция полковнигі Н.С. Алмасбеков қоғамдық тәртіпке атсалысып жүрген студентерді «Азаматтардың қауіпсіздігін және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде белсенділік танытқандары үшін» Алматы қаласының ішкі істер Департаменті грамотасымен және бағалы сыйлықтармен мараппаттады. Алматы қаласының ішкі істер Департаменті грамотасымен және бағалы сыйлықтармен мараппатталған студенттердің қатарында ҚазҰУ тарих факультетінің 4 курс студенті Ә.М.Маулетханов, Журналистика факультетінің 4 курс студент А.Қ. Туралиев, Филология факультетінің 3 курс студенті Қ.Карим, биология факультетінің 3 курс студенті Қ.Ж. Тағаев, Халықаралық қатынастар факультетінің 3 курс студенті О.Қ. Джолдасбаев және Тәртіп сақтау жасағының жетекшісі Ж.Б. Есенбек бар.

Қоғамдық тәртіпті сақтауға ықпал ететін Алматы қалалық бірлестігінің төрағасы Д.Ю. Сон тәртіп сақтау жасақтарының ең үздіктерін жариялады. Ауезов ауданы бойынша Заң колледжі, Медеу ауданы бойынша Аграрлық Қазақ ұлттық университеті, Алмалы ауданы бойынша Асфандияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті «ең үздік жасақ» атанды. Ал, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Жастар» тәртіп сақтау жасағы қала бойынша ең үздік танылды. Слетты «31» мен Алматы телеарналары көрсетті. Еңбектері еленіп, бағалы сыйлықтар мен грамота иеленген студент жастар естелікке суретке түсті.

Есенбек Жұмағали

Тәртіп сақтау жасағының төрағасы