Международная конференция

02.10.2009

Просмотров: 1339

2009 жылдың 23-28 сәуір аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да университеттің 75 жылдық мерейтойына арналған «Ғылым әлемі» атты ІІІ Халықаралық студенттер мен жас ғалымдар конгресі өтті. Осы конгресс аясында 28.04.2009 - 04.05.2009 ж. аралығында орыс бөлімінде оқитын студенттер арасында «Мемлекеттік тілдің ең үздік білгірі» олимпиадасы өткізілді. Айтулы іс-шараны ұйымдастыруға тілдерді дамыту бөлімінің қызметкерлері мен қазақ тілі кафедрасының оқытушылары тікелей атсалысты. Осы олимпиада шеңберінде тұңғыш рет өзге ұлт өкілдерінің қатысуымен секция жұмыс жүргізді. Олимпиаданың мақсаты - ìåìëåêåòòiê òiëäiң қîëäàíûñ àÿñûí êåңåéòó орыс бөлімдерінде оқитын студенттердің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін арттыру, студенттердің мемлекеттік тілдегі ғылыми шығармашылығын дамыту, тілді жақсы меңгерген студенттерді іріктеу.

Айтулы шараға университеттің барлық факультеттеріндегі орыс бөлімдерінде оқитын, мемлекеттік тілді жақсы меңгерген студенттер қатысты. Алты күнге созылған білім сайысында студенттер 3 тур бойынша бақ сынасты. 28 сәуір мен 3 мамыр аралығында әр топта сайыстың 1-туры өткізілді. Онда барлық топ студенттерінен лексика-грамматикалық тесттер алынды. 2-тур бойынша факультеттің ішінде студенттер лексика-грамматикалық тест, ауызша сөйленім, жазбаша (шығарма, эссе жазу) тапсырмалар орындады. 3-тур бойынша әр факультет атынан үш студент (екі студент түркі тілдес емес, бір студент -ұлты қазақ) дайындалды. Сайыста жүргізуші қыз бен жігіт көрермендерді университет, факультеттер тарихымен таныстырып отырды. Әр факультеттен қатысқан студенттің бірі жазбаша тапсырма орындаса, екіншісі мақал-мәтелдер жарысына қатысты. Мақал-мәтелдер оқу, білім, өнер, еңбек, достық, адамгершілік тақырыптарына арналды. Берілген тақырып бойынша еркін сөйлеу сайысында студенттер жастардың көкейтесті мәселелері, «Қазақ тілі - асыл достықтың темір қазығы» және т.б. тақырыптар төңірегінде ой қозғады.

Олимпиаданың салтанатты жабылу рәсіміне Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы, академик Өмірзақ Айтбаев, Қазақстан халықтарының Ассамблеясының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты Асылы Осман, Алматы қаласы әкімдігі жанындағы «Тіл» оқу-әдістемелігінің төрағасы Ахетов Мамай арнайы шақырылды. Айтулы оқиғаға университет басшылығы, оқытушы-профессорлар құрамы, жеңімпаз студенттер қатысты. Қонақтар жеңімпаз студенттерді құттықтап, арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтарды табыс етті.

Аталған шараға барлық факультеттерден 2000-ға жуық студент қатысып, соңғы мәреге 30 студент суырылып шықты. Алты күнге созылған білім сайысында студенттер 3 тур бойынша бақ сынасты. 28 сәуір мен 3 мамыр аралығында әр топта сайыстың 1-туры өткізілді. Онда барлық топ студенттерінен лексика-грамматикалық тесттер алынды. 2-тур бойынша факультеттің ішінде студенттер лексика-грамматикалық тест, ауызша сөйленім, жазбаша (шығарма, эссе жазу) тапсырмалар орындады. 3-тур бойынша әр факультет атынан үш студент (екі студент түркі тілдес емес, бір студент - ұлты қазақ) дайындалды. Ақтық сында 18 студент жеңімпаз бен түрлі номинациялар бойынша жүлдегерлер атанды. Бастауыш топтың студенттері арасында философия және саясаттану факультетінің 1 курс студенті Беркутова Екатерина 1-орынды, физика факультетінің 1 курс студенті Эм Надежда 2-орынды, экономика және бизнес факультетінің 1 курс студенті Дамельян Анна 3-орынды иеленді. Жалғастырушы топтан 1-орын философия және саясаттану факультетінің 1 курс студенті Айдосова Жанкеркеге, 2-орын экономика және бизнес факультетінің 1 курс студенті Әуелбеков Ерболға, 3-орын механика-математика факультетінің 1 курс студенті Әбелекова Динараға берілді. «Ең үздік мақалшы» номинациясы бойынша механика-математика факультетінің 1 курс студенті Борисенко Мистислав, «Таза сөз» номинациясы бойынша география факультетінің 1 курс студенті Фадеева Любовь, «Менің университетім» номинациясы бойынша география факультетінің 1 курс студенті Тен Зоя, «Мәнерлі сөйлеу» номинациясы бойынша физика факультетінің 1 курс студенті Зарипова Юлия, «Үздік көркем сөз» номинациясы бойынша заң факультетінің 1 курс студенті Искакова Ильнура, сондай-ақ шығыстану факультетінің 1 курс студенті Соколова Мария ерекше көзге түсті.

Тілдерді дамыту бөлімі