Ана тілдің мерейі тасқан кеш

25.09.2013

Просмотров: 2079

Кеш филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің деканы, профессор Г.Қазыбектің құттықтау сөзімен ашылды. Филология факаультетінің жас ақындары ана тіліне арнаған жүрекжарды жырларын оқыды.

Кеш барысында 1 курстар арасында жарияланған «Студент күнделігінің алғашқы беттері» атты әдеби эссе байқауының қорытындысын филология факультетінің ұстаздары Қ.Мәдібай, Р.Әбдіқұлова, Ш.Шортанбай, Е.Карбозовтар жариялап, эссе мәтіндерін талдап, бағалады.

Кеш соңында «Ана тілдің мерейін асыру үшін мен не істей аламын?» блиц-сауалнаманың қорытындысы хабарланды. Студенттердің жауаптары маңызды да өзекті мәселелерді қозғап, көңілге ой салды.

ҚазҰУ-дың Тәрбие департаментінің маманы Б.Карикулова және «Көкжиек» клубының ғылыми жетекшісі, доцент Л.Мұсалы кешке белсене қатысқан студенттерді марапаттады

Кешті аударма теориясы және әдіснамасы кафедрасының меңгерушісі, профессор Ә.Тарақов қорытындылап, студенттердің қадамына сәттілік тіледі. Жалпы айтқанда, «Ана тілдің мерейі» атты кеш мазмұнды да қызықты өтіп, студенттерге берері мол болды.