«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!»

28.09.2012

Просмотров: 2244

Қыркүйек айының 27-жұлдызы күні механика-математика факультетінде «Тілдер фестивалі» аясында «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» атты математикалық пәндерді қазақ тілінде оқыту мәселесіне арналған дөңгелек үстөл өткізілді.

Шараны ұйымдастырған – Ақпараттық жүйелер кафедрасы. Аса қажетті де пайдалы іс жүзеге асқан дәрісхана студенттер дайындаған қабырға ғазеттерімен безендіріліп, Ғылыми кітапхананың көпшілікпен жұмыс істеу бөлімі дайындаған мехматтың оқытушы-профессорларының қазақ тілінде басылып шыққан оқулықтары мен оқу-әдістемелік құралдарының көрмесі қойылды.

Пікірталасқа «Ақпараттық жүйелер» мамандығының 3-курс студенттері мен қазақ тіліндегі кітаптардың авторлары Ж.Сүлейменов, Б.Бөрібаев, Н.Ақанбай, П.Досанбай-сынды факультеттің тәжірибелі ұстаздары қатысты.