Ұлағатты ұстаз

12.10.2012

Просмотров: 2159

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов: «Конференцияның негізгі себебі көрнекті ғалым, ұстаз, профессор Тұрсынбек Кәкішовтың 85 жасқа келіп, мерейтойын бөлісуі», - екендігін тілге тиек етіп, той иесінің атына келген құттықтауларды атап өтті. Мұндай құттықтау жедел хаттарын ҚР Мемлекеттік хатшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед, ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов, Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Серік Біләлов және тағы басқалары жолдаған. Мұхтар Құл-Мұхаммед лебізінде «өзіңіз тәлім алған алыптар тобының орнын бастыңыз» десе, Бақытжан Жұмағұлов «білім және ғылымның дамуына өлшеусіз үлес қостыңыз» деп атап өткен. ҚазҰУ басшысы жылы лебіздермен өрнектелген жедел хаттарды оқығаннан кейін Тұрсынбек Кәкішовке ҚР Жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті Рахман және әлем тілдері факультеті арнайы ұйымдастырған халықаралық жиынның салтаннатты бөлімнен кейін конференцияның пленарлық мәжілісі өтті. Ғылыми жиында ғалымның шығармашылығы мен ғылыми зерттеулерінің басты бағыттарына қатысты қазақ әдебиетінің тарихы мен сынын зерттеудің, оларды жоғары мектепте оқытудың әдістемелік мәселелері қаралды. Сонымен бірге «Т.Кәкішұлы және қазақ әдебиетінің тарихын зерттеу мәселелері», «Т. Кәкішұлы зерттеулеріндегі дәстүр және жаңашыл ізденістер», «Қазіргі кезеңдегі қазақ әдебиетін зерттеудің методологиялық және ғылыми-теориялық негіздері», «Әдебиеттану ілімін жоғары мектепте оқытудың өзекті мәселелері» бағыттары бойынша ғылыми тұжырымдар тыңдалды.