«Өркениеттің адасуы»

28.04.2012

Просмотров: 6043

27 сәуірде «Қолданбалы механиканың қазіргі мәселелері» ғылыми үйірмесінде «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» жобасы аясында М.Шахановтың «Өркениеттің адасуы» шығармасына арналған дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелде үйірме мүшелері Тәліпов Ершат (1 курс студенті), Райымбердиев Мақсат (1 курс студенті), Комаева Айдана (3 курс студенті), Ергебек Қарлығаш (1 курс студенті) «Өркениеттің адасуы» атты романынан «Бақыт геометриясы», «Ел тілегінің күші», «Желтоқсан алаңы» өлеңдерін оқыды. Дөңгелек үстелге қатысушы студенттер оқылған өлеңдер мен М.Шахановтың «Компьютербасты жарты адамдар» концепциясында көтерілген рухани құндылықтар жайлы өз пікірлерін білдіріп, ойларын ортаға салды.



Үйірме жетекшісі: Алибаева Қ.А.