Иран Ислам Республикасының мәдени өкілдігінің ұйымдастыруымен наурыз мерекесі өтті

06.04.2012

Просмотров: 3480

29 наурыз Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Мәдени өкілдігінің ұйымдастыруымен Қазақ Концертте өткен Ұлыстың Ұлы Күні әз Наурызға байланысты «Хафт син» дастарханын жасау жарысы болып өтті.

Бұл жарысқа ҚазҰУ, Қыздар педагогикалық Университеті, Абылай хан атындағы шет тілдер Университеті, Абай атындағы педагогикалық Университеті қатысты. Жарыс барысында ирандықтардың наурыз тойын тойлау үрдістері, ирандықтардың ұлттық музыкасы көрініс тапты.

Берілген 5 орынның 2 орынын біздің 2,3 курс студенттері алды.

1-ші орынды 3 курс студенттері, 3-ші орынды 2 курс студенттері иеленді.

Бұл іс-шараны халықаралық байланысты нығайту мақсатында , тәрбиелік мәні зор іс-шара деп бағалауға болады.