2012 жылдың 20 наурыз күні Шығыстану факультетінде «Қазақстанның тәуелсіздігі және ұлттық идеология» атты тақырыптаға дөңгелек үстөл өткізілді

06.04.2012

Просмотров: 3793

2012 жылдың 20 наурыз күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультеті арабтану және ирантану кафедрасының доценттері М.Б. Салқынбаев, Б.Ж. Актаулованың ұйымдастыруымен факультетте Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Қазақстанның тәуелсіздігі және ұлттық идеология» атты тақырыпта дөңгелек үстөл өткізілді. Осы мақсатта мемлекеттік идеологияны ғылыми тұрғыда зерттеуші өзіміздің ұлттық университетіміздің ғалымдарын арнайы шақырттық. Олар: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Философия және саясаттану факультеті, саясаттану кафедрасы меңгерушісінің орынбасары, саяси ғылымдарының докторы Қайдарова Әсем ханым мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Философия және саясаттану факультеті, саясаттану кафедрасының профессоры, саяси ғылымдарының докторы Мұсатаев Сейілбек мырза.

Елімізде ұлттық идеология бағытындағы саясаттанушылардың бірі және бірегейлері болып табылатын ғалымдар осы күні тек қана студент жастарды ғана емес әркімнің де көкейінде жүрген сан-сауалға ой саларлық тұшымды жауап беріп, мемлекеттік идеологияның негізгі бағыттарын айқындап берді.

Әсіресе, С. Мұсатаев мырзаның ұлттық идеология мен мелекеттік идеологияның ара-қатынасы, оның қалыптасуы мен дамуына қатысты ғылыми ойлары жастардың көкейінен шыққандай болды.

Дөңгелек үстөл барысында байқағанымыз жастардың дені мемлекеттік идеологияны тілдік саясатпен тығыз қарастырандығы болды. Ұлттың тілін сақтау мен оның мәртебесін арттыруға жастардың аса қатты көңіл бөлетіні көрінді, сонымен қатар, олар бұл мәселені ұлттық идеологияның басты салаларының бірі ретінде қарастырып, өз ойларын ортаға салды.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан бергі қол жеткізген жетістіктерімізге мемлекеттік, ұлттық идеологияның қосқан үлесі мен болашақтағы бағдары жайлы да сөз қозғаған ұстаздар мен студенттер қауымы осы іс-шарадан өздігінше ой түйіп, болжам жасады деген сенімдеміз.