«16-желтоқсанға 16-күн қалды»

01.12.2011

Просмотров: 2489

30.11.2011

Тəуелсіздіктің 20-жылдық мерекесі қарасаңында «16-желтоқсанға 16-күн қалды» атты тақырыпта Тәрбие жұмысы жөніндегі департаменттің қолдауымен Биология және биотехнология факультеті, Биоалуантүрлік және биоресурстар кафедрасының оқытушысы б.ғ.к. А.Т. Мамурованың кураторлық топтарының (ЭКО105,106) ұйымдастыруымен акция түрінде ашық эдвайзерлік сағат өткізілді. Осы мейрамның рухын "16 желтоқсан" деп жазылған ашық көгілдір түсті әуе шарлары әрлей түсті. Акцияның негізгі кезеңі викторина сұрақ-жауап болды. Мерекелік іс шара 30 қараша күні сағат 8.30 да Университеттің бас ғимаратында және Биология факультетінде басталды. Кіре берістен көтеріңкі көңіл-күймен күтіп алған студенттер әрбір кірген Университет қызметкерлеріне, оқытушылар мен студенттерге сауалнама ретінде Қазақстан тарихы және 20 жылдағы жеткен жетістіктеріміз жайлы сұрақтар қойды. Әрбір жауап берген адамдар арнайы сыйлықтарға ие болды. Бұл мерекелік іс-шараға студенттерден басқа Университет Ректоры, проректорлар, департамент директорлары, кадр бөлімінің бастығы, тәрбие жұмыс жөніндегі департамент ұжымы, факультет декандары қатысты. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Ректоры Мутанов Ғалымқайр Мұтанұлы мерекелік іс-шараға қатысушыларды ортақ мейраммен құттықтап табыс, еліміздің өсіп-өркендеуін одан әрі көркейуіне ниет білдірді.

Өткізілген мерекелік іс-шараға әрбір қатысушылардың және студенттердің бойындағы ұлтжандылық сезімді ояту, тəуелсіз Қазақстанның осы уақытқа дейінгі жеткен жетістіктерін патриоттық сезіммен мақтанышпен еске алуға негізделген.