«Тәуелсіздік - тұғырым»

15.11.2011

Просмотров: 2688

2011 жылғы 15 қарашада Тәрбие жұмысы жөніндегі департаментінің қатысуымен Физика-техникалық факультетінде Жылуфизика және техникалық физика кафедрасының ұйымдастыруымен оқытушы Ермағанбетова С.Д. «121-Стандарттау, сертификаттау және метрология» мамандығының студенттерімен бірге Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай «Тәуелсіздік - тұғырым» атты ашық кураторлық сабағы өтті.

2011 жыл – Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы тойланатын жыл. Биыл Тәуелсіздіктің 20 жылдығын ел болып жоғары деңгейде атап өту мәселесіне ерекше мән беріліп отыр. Тәуелсіздік – тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Сондықтан да Тәуелсіздік ерекше маңызға ие. Осыған орай 1- курс «Стандарттау, қосу мақсатында ашық тәрбие сағатын өткізді.

Ашық тәрбие сабағының барысында студенттер Желтоқсан оқиғасы жөнінде өлең шумақтарын, Н.Ә. Назарбаевтың қасиетті сөздерін, «Қазақстанның өткені мен бүгінін» баяндайтын көріністі өте жақсы деңгейде көрсетіп шықты. «Теңдік. Азаттық. Тәуелсіздік», «Мұзда жанған алау», «Жыр керуені» слайдтары кезегімен көрсетіліп отырды. «Елім менің», «Жаса, Қазақстан» әндері мен Құрманғазының күйлері ойналды. Сабаққа университеттің тәрбие ісі жөніндегі жетекші маманы Абдулхакимова Динара, кафедра меңгерушісі Бөлегенова С.А. мен кафедра оқытушылары қатысты.

Тәрбие жұмысы жөніндегі департамент