«Менің сүйікті қалам!» атты Жалпы және этникалық педагогика кафедрасы ашық кураторлық сағат өткізді

21.10.2011

Просмотров: 8238

2011 жылғы 20 қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Философия және саясаттану факультетінде Тәрбие жұмысы жөніндегі департаентінің қатысуымен, университеттік деңгейде «Менің сүйікті қалам!» атты Жалпы және этникалық педагогика кафедрасы ашық кураторлық сағат өткізді.

Ашық кураторлық сағаттың мақсаты студенттерге әсем қаламыз Алматы қаласы бойынша деректермен білім беру, дамытушылық: Алматы қаласының жалпы шежіресімен таныстыру, студенттерді еліне деген сүйіспеншілікті арттыру, патриоттық сезімге тәрбиелеу, дүниетанымын кеңейту. Туған жерін сүйе білуге, Отанымызды өркендетуге білімді жас ұрпақтар тәрбиелеу, Отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу болып табылады. Тәрбие шарасында көрнекілік ретінде Алматы қаласы туралы слайд-шоу, Алматы қаласының әсем жерлері бейнеленген буклет және кітап көрмесі қойылды, суреттер, шарлар, гүлдер, әуенмен әрленді.

Тәрбие шарасы саяхат сабағы ретінде екі бөлімнен тұрды: олар, Алматым–әсем қалам! (қала тарихы) және Әсем қалама саяхат (әсем жерлері).

Тәрбие шарасының бастауында ең алдымен топ куратор-эдвайзері п.ғ.к., доцент Асаубаева А.К. сөз айтты. Аталған тақырып көлемінде Алматы қаласының жалпы тарихы және оның тарихи кезеңдері бойынша және Алматы қаласының әсем жерлеріне саяхат жасалды.

Тәрбиелік іс-шара барысында көрермендер арасында «Алматы қаласындағы студент» атты сурет-комикс жарыс ретінде ұйымдастырылды.

«Құлақтан кіріп, бойды алар, әсем әні мен тәтті күй» демекші, ашық кураторлық сағатта кезекте әлеуметтік педагогика және өзін–өзі тану мамандығы студенттері Серікқалиева Гүлімнің орындауындағы «Сағындым Алматымды» атты әні, ақын Төлеген Айбергеновтің шығармашылығынан «Алматыға» атты өлеңін, Г. Сулейманова, Э. Науанова өз шығармашылығынан «Алматы –арқау жырыма» өлеңі оқылды.

Алматы қаласының тарихына шолу жасау арқылы саяхат жасай отырып, әсем қаламыздан көп мағұлмат алуына байланысты ашық кураторлық сағатта тақырыпты бектіу үшін көрермендерге арналған викториналық сұрақтар ұсынылды. Жауабын дұрыс тапқан қатысушыларға сыйлықтар берілді.

Тәрбие сағатын қорытынды бөлімінде қонақтарға сөз берілді. Тәрбие жұмысы жөніндегі департамент бұл іс-шараға «жоғары деңгейде» өтті деген баға берді.