Куратор-эдвайзерлер мен студенттер «Қозы-Қөрпеш–Баян Сұлу» қойылымын тамашалап қайтты

20.10.2011

Просмотров: 2206

19 қазан күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тәрбие жұмысы жөніндегі департаментінің ұйымдастыруымен 200-ге жуық куратор-эдвайзерлер мен студенттер Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының алғашқы 65-маусымының ашылу салтанатында «Қозы-Қөрпеш–Баян Сұлу» қойылымын тамашалап қайтты.

Театрдың директоры әрі көркемдік жетекшісі Талғат Теменов қойылым алдында көрермендерді театр ұжымымен таныстырып, көрсетілімге сәттілік тіледі.

Тәрбие жұмысы жөніндегі департамент