"Ана тілі" ұлт газеті

29.09.2011

Просмотров: 2381

29 қыркүйек

Елді тану - өзіңді тану

Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қоры Алматы қаласы әкімдігі Ішкі саясат басқармасының қолдауымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарында оқып жатқан шетелдік студенттер арасында қазақтың тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін, тілін насихаттау бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асыруда.

Осы мақсатта Тәуелсіздікке еңбегі сіңген белгілі қоғам қайраткерлерімен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Қазақстан Тәуелсіздігіне – 20 жыл. Тағылым мен тағзым» атты кездесу кеші ұйымдастырылды. Жиын барысында білім алушы үш жүзге жуық шетелдік қазақ жастары аға буын өкілдерінің тағылымды әңгімсін тыңдап, толғандырған сұрақтарына жауап алды. Мұндай мазмұнды да тағылымды кездесу кештері Алматы қаласындағы шетелдік қазақ жастары білім алып жатқан басқа дща жоғары оқу орындарында жалғасын таппақ.