«Алматы ақшамы»

22.09.2011

Просмотров: 2254

ҚазҰУ – әлемдегі ең үздік университеттер қатарында

Жақында Quacquarelli Symonds (QS, Ұлыбритания) агенттігінің зерттеулеріне сәйкес, ҚазҰУ үздік секіріс жасап, дүние жүзі деңгейіндегі университеттер көрсеткіші бойынша бір жыл ішінде әлемдік топ-университеттер рейтингінде 200 орынға жоғарылап, 401-450 дәрежеге енді. Бұл ретте ҚазҰУ әлемдік үздік университеттердің ортаңғы бөлігіне жақындаған.

QS рейтингі әлемнің 700 үздік университеті арасында жүргізілген еді. Бұл ретте ҚазҰУ бірінші рет бұл – рейтинг жүйесіне 2009 жылы да қатысып, 601-650 орынға табан тіресе, еліміз бойынша жоғары оқу орындары арасында бірінші орында. Қазір білімнің қара шаңырағы ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Тәуелсіздіктің 20 жылдығына – 20 инновация» атты маңызды жоба жүзеге асырылып жатыр.

Әлемдегі ең ірі оқу орындары арасында жүргізілетін QS халықаралық рейтингі бойынша екі жыл қатарынан Кембридж университеті алда келсе, екінші орында – Гарвард, үшінші орында – Массачутет технологиялық институты тұр.